Мұстафа Шоқай жайлы кітап неміс тілінде жарық көрді

ЖОҚ, ҰМЫТУҒА БОЛМАЙДЫ
2121

Мұстафа Шоқай трабзонда. Әбілқасым Сәрсенбаевтың суреті

Берлинде Мұстафа Шоқай туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Қазақтың танымал қоғам және саяси қайраткері жайлы туынды неміс тілінде жарық көрді. Аталған шара Берлиндегі неміс-қазақ қоғамы мен қазақ диаспорасының қолдауымен жүзеге асты.

«Мұстафа Шоқай феномені» кітабы қоғам қайраткерінің өмірі мен саяси ғұмырына арналған. Туынды тарихшы Бақыт Садықов пен Мұстафа Шоқайдың жұбайы­ның естеліктеріне сүйене отырып жазылған. Жиында Мұстафа Шо­қай музейінің басшысы Салтанат Сексембаева саяси қайраткер туралы баяндап берді.

— Мұстафа Шоқай – Отаны­мыз үшін аянбай еңбек еткен қайраткер. Сондықтан осындай халықаралық деңгейде шара өткізу өте орынды.  Келешекте осы бағыттағы ынтымақтастығымызды жалғастырмақ ойдамыз. Келер жылы Түркияда Мұстафа Шоқайға арналған көрме өткізу жоспар­ланып отыр. Көпшілік назарына қазақтың біртуар ұлы жайлы мұра­ғаттарда сақталған бірегей қол­жазбалар мен жәдігерлер ұсы­нылады, – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...