Қырғызстанда таудағы қар көшкінінен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz а...
«33 мың адам жарақат алды»: Руслан Өтепбай жол апаты құрбандарының құқығын сөз етті
ашық дереккөз
Белгілі журналист Руслан Өтепбай Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаушылық білдіріп, апаттан зардап шеккен азаматтардың сақтандыру өтемақысын алу мәселесін көтерді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Журналист әлеуметтік желідегі жазбасында биыл елімізде 24 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. Оның келтірген дерегінше, апат салдарынан 33 мыңнан астам адам жарақат алып, 1 432 адам қаза тапқан.
«Бұл жай ғана статистика емес. Әр санның артында адам тағдыры, әр қайғылы оқиғаның артында бір отбасының қасіреті тұр», – деп жазды Руслан Өтепбай.
Ол жол апатынан зардап шеккен азаматтардың барлығы бірдей заң бойынша тиесілі сақтандыру төлемдерін алып жүр ме деген маңызды сауал көтерді.
«Ал жол апатынан зардап шеккен азаматтардың қаншасы заң бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемақысын алып жүр?» – дейді журналист.
Осы мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Руслан Өтепбай «Әділет» заң компаниясының кеңсесіне арнайы барғанын хабарлады.
Айта кетейік, Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтар заңда көзделген жағдайларда сақтандыру өтемақысын талап ете алады. Алайда төлем алу тәртібі мен мөлшері апаттың мән-жайына, сақтандыру шарттарына және келтірілген зиянға байланысты.
Журналист көтерген мәселе жол апатынан зардап шеккен азаматтардың өз құқықтарын білуі мен заңды өтемақысын алу мүмкіндігіне назар аудартады.