Белгілі қаламгер Мәткерім Әкімжанов дүниеден өтті...

ӘДЕБИЕТ
3170

Бүгін белгілі қаламгер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мәткерім Әкімжанов дүниеден озды.  Ертең, яғни тамыздың 24-і күні, сағат 10.00 де Астана қаласындағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде жаназасы болады.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы және Мәдениет порталы марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтады...

Әкімжанов Мәткерім Алматы облысының Талдықорған ауданында (Қазіргі Ескелді ауданы) Шұбар ауылында шаруаның отбасында 1936 жылғы 5 мамырда дүниеге келген. 1955 жылы он жылдық Шұбар орта мектебін бітірген соң үш жылдай әскерде болды. 1958 жыл С.М.Киров атындағы университетіне түсіп, оның журналистика факультетін 1963 жылы бітіріп шықты.

Сол жылы бірден «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қабылданып, литработник, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

1976 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйғарымымен «Мектеп» баспасына бас редакторлығына тағайындалды. Содан бері «Жалын», «Қазақстан» баспаларында ұзақ уақыт жұмыс істеді.

1996 жылы зейнеткерлікке шықаннан кейін Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. Кезінде Мәткәрім Әкімжановтың аударуындағы «Семсер мен қалқан» (4 сериялы), «Жеті бірдей боздағым» фильмері қазақ телеарнасының алтын қорына қабылданған.

Әр жылдарда, әр түрлі баспадан шыққан кітаптары: «Бір мектептің түлектері» «Үлкен өмірдің үш кезеңі» (Нұрмолда Алдабергенов туралы деректі хикая, Майн Рид – «Оцела Семинолдар көсемі», «Василий Шукшин – «Өзімнен сұрар болсам», Адольф Дихтяр – «Рагузов жотасы, С. Томпсон – «Кішкентай жабайылар, Уильям Фолкнер – «Сарторис», «Аю», «Аруақты қорлау», Анатолий Безуглов – «Қылмыскерлер» – бәрі де аударма романдар.

М.Әкімжанов Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, ВПКСМ орталық Комитетінің, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комиетінің Құрмет грамоталарымен «Баспа және полиграфия ісінің ардагері» медалімен наградталған.


madeniportal.kz

author

Мәткерім Әкімжанов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Ақтөбеде жігіт бойжеткенді зорлап, балконнан лақтырып жіберген. Сот адам өлтіру және зорлау бойынша...

Жаңалықтар

БҚО-дағы су тасқыны бойынша жағдай күрделі.  Жайық өзені қауіпті деңгейге жетіп қалды. Өңірде 2...