Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықталы, деп хабарлады MadeniPorta...
«Мұқасан табылмай жатыр»: «Нұр-Мұқасан» тобының төңірегінде дау өршіді
Фото: әлеуметтік желі
"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты. Полиция осы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан М. және өзге де бірнеше адамның оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арыз түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке жауабында.
Полиця тергеу нәтижелері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжан Сүлейменге ота жасалады.
"Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолы сынғанын, мұрны сынғанын, беті қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Полиция бұған лейін әншінің қашып жүргенін мәлімдеген.