Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
94

7 шілде күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орналасқан «Ордабасы» индустриялық аймағында ірі өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына алғаш жеткен өрт сөндіру бөлімшелері пайдаланудан шығарылған жүк көліктерінің шиналары мен құрғақ шөптің жанғанын анықтады. Өрт салдарынан шамамен 50 ескі шина мен 200 шаршы метр аумақтағы құрғақ шөп жанып кеткен.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы, «Ордабасы» ЖШС-нің өртке қарсы қызметі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының Алмалы ауданындағы пәтерлердің бірінде 59 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Кі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық полицейлер Рысқұлов даңғылында ұйымдастырылған қауіпті түнгі автожарысқа тосқауыл қойды, д...