Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

Жаңалықтар
1731

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарланды Ақорданың ресми твиттер парақшасында. 

http://madeniportal.kz/assets/upload/images/20190225125605_1551081800411.jpg

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің қарауына Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. 

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысуда.  

Асқар Ұзақбайұлы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист. 

Еңбек жолын «Целинтяжстрой»тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 

1996 - 2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі,Астана қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, 2008 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №04/08 КХГУА хаттамасынан үзінді). 

2016 жылғы қыркүйектен соңғы тағайындауға шейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 

1998 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы - Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы - Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі  орденімен марапатталған. 2011 жылы - Астана қаласының Құрметті азаматы,  2012 жылы - Құрметті теміржолшы, 2013 жылы - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.   


madeniportal.kz


Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...