Перизат Қайрат басқарған қор бойынша сот шешімі шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2055

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Перизат Қайраттың “Biz birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, деп хабарлады Мadeniportal.kz kaz.tengrinews-ке сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, қор 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген. Бірлестіктің құрылтайшылары - Перизат Қайратты қоса алғанда 10 адам.

Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізілді. Қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған.

Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот “Biz birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

13-14 мамыр күндері Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласында Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хаба...