Жүрсін Ерман Президенттік сайлауға түседі. Қолдайсыз ба?!

Жаңалықтар
6216

Жүрсін ЕрманОсындан біраз уақыт бұрын Nur Otan партиясының бірінші төрағасы, еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық бірлестіктің XIX кезектен тыс съезін шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Съезд Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 23 сәуірде, яғни ертең өтеді. 

Негізгі мәселе біреу-ақ: еліміздің №1 партиясы, осыған дейін кез келген сайлауда (Президенттік болсын, Парламенттік болсын) «ешкімге дес бермеген» Nur Otan өз атынан Президенттік сайлауға кандидат ұсынады. Ертең, яғни 23 сәуірде өтетін осы басқосуда Елбасы, біздің сүйікті Тұңғыш Президентіміз бір адамға «ақ батасын» беріпті  дейді. Бұл туралы бізге сенімді ақпарат көздері хабарлады.

Ол кандидат, еліміздің қазіргі «уақытша Президенті» – Қасым-Жомарт Тоқаев екен. Алдына ала бекітілген меже бойынша Қасекең 73 пайыздан кем жинамауы керек. Арғы жағын өздеріңіз түсініп тұрсыздар... Қош. Сонда Сіздер Тоқаевқа дауыс бересіздер ме?!

А, айтпақшы... 

Бүрсүгіні, яғни 24 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының «кезекті» құрылтайы өтеді дейді. Сол жиынға қатыспақшы өкілдердің бірі «жасырын түрде» біздің электронды поштаға «сыбыс» жолдапты. О кісінің ақпаратына қарағанда белгілі ақын, айтыс жанашыры, соңғы 30 жыл бойы, яғни НАЗАРАЕВ дәуірінде айтыс өнерін дәріптеп аты шыққан демек, «рухани жаңғыруға» мейілінше үлес қосқан «біздің шоумен», Жүкең, Жүрсін Ерман Президенттік сайлауға өзін өзі ұсынбақшы екен. Несі бар?! Жүсекеңнің Украина шоумені Владимир Александрұлы Зеленскийден несі кем?! Бәлкім, Сіз аса құрметті һам еркін ойлы Қазақстан халқы, Қасым-Жамарт Тоқаевқа емес, Жүрсін Ерманға дауыс берерсіз?! Көрейік...

Жебе Жұман


Көшіріп жариялауға тиым салынады!


author

Жүрсін Ерман

АҚЫН

Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның іш...

Жаңалықтар

  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – б...