Кезек жылжымайды: Отбасы банк “Ұмай“ ипотекасына қатысты техникалық ақауды түсіндірді

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
269

31 тамызда Қазақстанда "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Алайда жүйе жылдық 14,8 пайызбен ипотека алғысы келетіндердің мұндай ағынына дайын болмай шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстандық әйелдер әлеуметтік желілерде онлайн өтінім беру кезіндегі іркіліске шағымданып жатыр.

"Адамдар дайындалып, ақша жинап, бағдарламаның іске қосылуын күтеді, ал соңында кезек жылжымайды, жүйе шығарып жібереді", - деп жазды Threads қолданушыларының бірі.

Отбасы банк өтінім берушілердің тым көптігіне байланысты техникалық ақау болғанын растады.

"Туындаған уақытша техникалық іркіліс түсіп жатқан өтінімдердің көптігімен байланысты. Біздің мамандар клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, туындаған мәселелерді жедел шешу, қажет ақпарат пен кеңесті ұсыну үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді Отбасы банк өкілдері әйелдің жазбасына.

Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында бұған дейін адам ағыны көп екені ескертілген.

"Умай" бағдарламасына өтінімдердің көп түсуіне байланысты өтініштер кезек ретімен өңделіп жатыр. Жүктеменің жоғары болуына байланысты өтінімді өңдеу әдеттегіден ұзақ уақыт алуы мүмкін", - деп ескертті банк. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...