Қытайдың Hunan TV каналында көрсетілетін өте әйгілі жобалардың бірі I am a Singer-дің гала-концертін...
Адамзат тарихындағы 10 ұлы композитор (ФОТО, ВИДЕО)
11293
Бұл өмірді, әсте, музыкасыз елестетуге бола ма? Осы жайлы талай адам ой толғап, ақыр-аяғында музыканың тамылжыған үнінсіз - бұл әлем мүлдем өзгеше болар еді деген түйінге келді. Музыканың арқасында адам қуаныш, бақыт деген сияқты сезімдерді толыққанды түйсініп, өзінің ішкі «егесін» танып, қиыншылықтарды жеңуге машықтанады. Шығармаларын жазып отырған кезде композиторлар, небір дүниелерден әсер алып, шабыттанады: махаббат, табиғат, соғыс, бақ пен бақыт, уайым-қайғы дегендей. Олардың тудырған бірталай музыкалық композициялары адамзат санасында мәңгі-бақи жатталып қалып жатыр. Сіздердің назарларыңызға адамзат жаралғалы асқан танымалдыққа ие болған он композитордың тізімін ұсынып отырмыз. Әр композитордың мәліметі астына оның бір немесе бірнеше шығармаларын тауып беретін сілтемені де орналастырдық.
1.Франц Шуберт.
Франц Шуберт.
Франц Петер Шуберт – австриялық композитор. Бар болғаны отыз екі жас қана өмір сүрді. Ал оның музыкасы әлі талай уақыт өмір сүретіні күмәнсіз. Шуберт тоғыз симфония, алты жүзге тамам вокальдық композициялар, сонымен қатар көптеген жеке фортепианалық және камералық музыкаларды жазды. «Кешкі серенада»
2.Иоганнес Брамс Иоганнес Брамс
Неміс композиторы және пианист, екі серенада мен төрт симфония, сондай-ақ виолончело мен фортепиано және скрипкаға арналған концерттердің авторы. Иоганнес Брамс сахнаға он жасынан бастап шығып, он төрт жасында өзінің жеке концертін берген. Көзі тірі кезінде оған әу баста венгер биі мен вальстері танымалдық әкелді. «Венгер биі №5».
3.Гендель.
Гендель.
Георг Фридрих Гендель – барокко заманындағы неміс және ағылшын композиторы, ол қырық шақты опера, көптеген органдық концерт пен камералық музыкалар жазды. Генделдің муызкасы 973 жылдан бастап, ағылшын королдерінің коронациясында орындалып, сондай-ақ патшаның үйлену тойларында, одан қалды УЕФА чемпиондар лигасында әнұран ретінде шырқалады (сәл-пәл аражировкамен). «Судағы музыка»
4.Гайдн
Гайдн
Йозеф Гайдн – классицизм дәуіріндегі ең танымал және өндірімді автриялық композитор, оны симфония атасы деп санайды, себебі осы музыкалық жанрдың дамуына ол айтарлықтай үлес қосты. Йозеф Гайдн 104 симфония, 50 фортепианоға арналған сонаталардың, 24 опер мен 36 концерттің авторы болып саналады. «№45-ші симфония»
5.Петр Чайковский
Петр Чайковский
Петр Ильич Чайковский – орыстың атақты композиторы, сексеннен астам шығармалардың авторы, соның қатарында он опера, үш балет және жеті симфония. Көзінің тірі кезінде композитор ретінде танымал болып, Ресей мен шетелдерде өткен концерттерінде өзі дирижерлік етті. «Гүлдер вальсі» «Щелкунчик» балетінен.
6.Фредерик Шопен
Фредерик Шопен
Фредерик Франсуа Шопен – поляк композиторы, уақытқа бой бермеген ғажап пианист ретінде мойындалған. Ол фортепианоға арналған көптеген шығармалар жазған, оған қосымша: үш соната мен он жеті вальсті. «Жауын вальсі»
7.Антонио Вивальди
Антонио Вивальди
Венециандық композитор және скрипка виртуозы Антонио Лучо Вивальди бес жүз концерт пен тоқсан операның авторы. Италяндық және әлемдік скрипкалық өнердің өркендеуіне орасан зор ықпал етті. «Эльфалық ән»
8.Моцарт
Моцарт
Вольфганг Амадей Моцарт – кішкентай бала кезінен өзінің талантымен - әлемді тәнті еткен австриялық композитор. Бес жасынан бастап Моцарт шағын пьесаларды жаза бастады. Барлығы 626 шығарма тудырып, оның 50-і симфония, ал 55-і концерт болды. «Түнгі серенада»
9.Бетховен
Бетховен
Неміс композиторы және пианисі Людвиг ван Бетховен батыс классикалық музыкасының негізгі тұлғасы болып саналады. Ол тоғыз симфония, фортепианоға арналған бес концерт пен көптеген өзге де дүниелерді жарыққа әкелді. «Ай сәулесі сонатасы»
10.Бах
Бах
Иоганн Себастьян Бах – барокко дәуіріндегі органист және неміс композиторы, полифония шебері ретінде танымалдыққа ие болды. Мыңнан астам шығармалардың авторы, оның сапына сол кезеңге қатысты жанрлардың маңызды дегендерінің барлығы кіреді. «Музыкалық әзіл».
madeniportal.kz