Димаш Құдайберген сұхбат берді

МУЗЫКА
8169

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз сезімі туралы сөйлескенді ұнатпайды екен. «Мен бұл (сезім) туралы әңгімелегім келмейді. Өйткені, менің жүрегім әзірге тыныш. Қазір бойдақпын. Менің жүрегім еркін. Жанкүйерлерім соңына дейін күтіңіздер (күлді), – деді Димаш Құдайберген МузТВ-ға берген сұхбатында.

Сұхбат барысында Димаш өзін қай жерде тұрса жақсы сезінетін де атты. «Менің үйім – ата-анамның үйі. Маған Америкада, Африкада емес, ата-анаммен бірге тұрған жайлы. Ең бастысы ата-анаңызға, туыстарыңызға жақын болып, жылылықты сезіну»,  – дейді әнші Димаш Құдайберген.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...