еркіндік дейдібұл құстың атынқанаты күйікқарғам-ау.желтоқсан сайынжаныма меніңқосылар ылғибір жамау....
Ақын Айнұр Төлеудің 7 өлеңі
4193
Поэзия – адамзат Рухының шынайылық пен шексіздікке ұмсынған қасиетті уілі. Поэзия - жабырқаған жан емі. Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар ақындарға сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 өлеңін сұрап, жариялап отырмақ. Бүгінгі ақын - Айнұр Төлеу! Мархабат!
Хат Біздің ғасыр бұрынғыдай Сөз тізбейді параққа Хат келеді, Хат өледі заматта! Алаңдамай, Маған қарай Сөз ұшады құлшынып, Содан кейін сөніп кетер Уақытқа тұншығып. Саған ұшты жанымның бір парасы Сөзге сіңіп мендегі мұң, сабыр, дем! Жатырқамай жазғаныма қарашы... Хат келмейді қабірден! Сәуле сынды кеңістікте көсілген Жүйрік сөздер-жүректердің сыбыры. Өшкен ойды дәл өзімдей кешіргем, Дәл Өзіңді кешіргендей бұрынғы. Алло! Сенің жаның дірілдейді тамағыңда, Тірісің! Маңызды емес кім үшін Тірлік кешіп жүргенің! Күллі әлемнің тыңдағандай тынысын. Менің мынау тұрысым! «Алло» дейсің Дір-дір етіп дыбысың Кім екенін білгің келіп Қашты ма екен тынышың! Тамағыңда дірдектеген жан дыбысын естіген Менің күйім құрысын! Жүрегімді аяймын, Қозғалыссыз саған қарай жүгірген Дауа іздеген сенің қоңыр үніңнен. Танымадың бейшараны сен қалай Аяқсыз –ақ алдыңа кеп сүрінген! Алматы Көшесінде темір көші, Тыншымайды бұл қала! Шамдарымен жымиып, Оған қымбат құн сұрайды бұлдана! Бұл қала ма - Көктемімді қымыз қылып сіміріп, Жастығымды жұтып жатқан құлғана! Маңғаз қала кір етегін жасырмай, Жымияды жұлдыз сынды жанармен Басынан сөз асырмай. Аузын ашып әлемде жоқ аранмен. Сан қиялдың қырқып тастап қанатын. Жұлдыз жайлы ойламайды қала тым. Аспан оған не керек? Әз оты бар өз ішінде жанатын! Ұры-уақыт оның ізгі досындай, Қалған оған тағдырымыз арбалып, Екеуміздің жүрегіміз жылағанда қосылмай, Қала тұрған қызыл-жасыл шам жағып. Жасырмаймын, жиі көрем жирен күзді түсімде, Көмейіме көміледі көп ойлар. Біз адастық осы қала ішінде, Осы күзде адасады біздей тағы талайлар! Бірдеңе Уақыт және Кеңсітік.. Кеңістікте ерегестік-керістік! Біз секілді миллиард дене, мың дене Кеңістіктен іздеп әлек бірдеңе! Қайғы да емес, іздейтіні мұң деме, Махаббатқа ұқсайтын сол бірдеңе. Табылмаған, жоғалмаған бұл неге? Атағым кеп тұрса соның шын атын Тілім де осы қалады екен күрмеле! Әй Бірдеңе! Сені іздеймін бәрібір Мен жеткенше, мен кеткенше Кірлеме! Қызыл іңір Жиекке барып жығылдың. Жығылдың қалай іңір күн? Шоп-шолақ сәтін ғұмырдың Қып-қызыл қылып сімірдің! Жиекте тұрды күн кетпей, Бірді түсінбей, бірді ұқтым Күйгелек әлем күңк етпей, Тынысын тартты тірліктің! Қып-қызыл еді жаным да, Ұқсайтын саған іңір сәт. Өзіне ұқсас жалынға Жүгірді жүрек- ұрыншақ. Жүгірдім саған іңір күн Туыспыз ғой біз енді. Жиексіз Жерге жығылдым Қанатып алдым тіземді... Аспандағы қоштасу Көк аспанның көкірегі гүр етті Аяп кеттім аспандағы жүректі. Күркіреген күннің дауысын бір естіп Жердің бетін жасын қарды, Дір етті! Көшеде едім, Ал көшеден әр қашты! Сан мың тамшы тас-тағдырмен арбасты! Сені қайдам, су атында қалдым мен Кезге өкпелеп кезіктірген алғашқы. Тас көшеде тек тамшыға тұрақ бар. Көмейіме көміледі сұрақтар Біз секілді аспан жақта, әнекей, Қоштасады бұлттар-ұлы мұраттар. Қауырсын-қар Аңсаулардың, шаршаулардың саны аздай Аспан тағы мұңайды. Қардың бәрі хат жазылған қағаздай Алдыма кеп құлайды Тыныштыққа сіңіп кеткен сәттердей Көз тастадым ұлпадағы кескінге Қойған еді өзің жақтан хат келмей, Мен де сәлем жолдамағам ешкімге! Кезікпеген кездің бәрі керемет Өртеп болдым өзімді өкпе- ренішке Қауырсыны қар боп жерге себелеп Бәлкім көкте түлеп жатыр періште. Көңілдегі кейіпкер ең- Көзімдегі жарығым Сен қаласаң жер бетінен жиып берем Қанатыңның шашыраған мамығын! Көрші кемпір терезеден қарайды, Ақымақ қыз аязға әбден тоңды деп! Келісімге келейікші, Жарайды, Бүгін сені сағынамын соңғы рет!