Жұматай Жақыпбаев
АҚЫНЖұматай Жақыпбаев (1945—1990) - Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында туған. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» альманахында поэзия бөлімінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Шығармалары:
- Саратан. Өлеңдер. А., 1979;
- Ләйлә. Өлеңдер. А., 1981;
- Шұғынық гүл төркіні. Өлеңдер. А., 1984;
- Көктемдегі хаттар. Өлеңдер. А., 1994;
- Ләйлә. Өлеңдер. А., «Атамұра», 2002.
Жұматай Жақыпбаев көзі тірісінде-ақ замандастарының, ағаларының құрметіне ие болған бақытты ақын.
Жас кезінде оған Тұманбай Молдағалиев: "Жұматай! Сен қазақтың болашақ ұлы ақындарының бірісің!" – десе, Олжас Сүлейменов: "Жуматай – истинный и даже редкий поэт!" – деп үлкен баға берген. Өзара сырлас досы болған Асқар Сүлейменов: "Оның өлеңдері табиғи бітімі, концепциялық айшықты ойы жағынан да ұлттық поэзиямыздың айтулы олжасы, оқшау құбылысы. Әр шығармасы шыңыраудан су шығарғандай көрінеді", – деп таңданған екен.
Ал бүгінгі ұрпақ поэзия патшалығының лайықты тұрғыны бола білген Жұматай Сағадиұлының "Саратан", "Ләйлә", "Шұғынық гүл төркіні" және қайтыс болғаннан кейін жарық көрген "Көктемгі хаттар" сынды өлең жинақтарын сүйсініп оқиды.
Сондай-ақ, өлең оқитын кез келген оқырман оны сүйіктісі Ләйләға арнап жазған көптеген лирикалық жырларын жақсы біледі.
Жұматайдың бұл махаббаты тым ерекше еді... Ол өлеңдеріне арқау болған аруды өмірінде тек үш рет қана көрген. Онымен қыз-жігіт болып, қол ұстасып жүрмеген де... Айлы түнде сейілдеп, сұхбат та құрмаған.
Ақын жүрегіне келбеті келісті, меңді сұлу бірден әсер етті. Ол оған ессіз ғашық болды. Ол Ләйләні муза етті, кейінгі буын сүйсіне оқитын жырлар қалдырды. Тіпті, бір өлеңінде:
"Сол бір кезде жан баласы жыламай Ләйлә,
жалғыз сен өксісең болғаны" - деген екен...
Алматыға келмей тұрып-ақ Жұматай ағамның есіміне қанық болдым. Қара көз сөздің сұлу көшіндей өлеңдер...
Биыл қазақтың қайталанбас дара тұлғасы, классик ақыны, өмірден аққан жұлдыздай ерте озған ЖҰМАТАЙ ЖА...
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жыр қағаны Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдығына о...
БасыЖұматай ЖақыпбаевДоңғалақтар...2017 жылы "Дара жол" хабарына түстім. Қызым Айкүн екеум...
БасыҚулары, таудың қызыл түлкісі дер, Момындар, біздің үйдің кірпіші дер, Мәңгілікке өзіммен ала кет...
"Ол кезде күн жарық еді..."(Жаңа кітаптан үзінділер)ӨТЕЖАН АҒАӨтежан НұрғалиевҒажап ақын е...
ЖҰМАТАЙ“Жақсының артынан сөз ереді, жаманның артынан бөз...” – деген де бір қанатт...
Жаз өтті бастан, қыс қалды дедім,Жерідің менен мүлде сен.Ғұмырым бірден қысқарды менің,Не үшін, не д...
Бүгін қазақ өлеңіне ерекше нақыш өрнек әкелген жауһар жырлар иесі, ақын Жұматай Жақыпбаевтың дүние е...
&nb...
Жұматай Жақыпбаевтың өлеңдері (Оқыған: Балапан Рабат)
Ақын Жұматай Жақыпбаев туралы ой-толғам «Жұмбақ жұлдыз – Жұматай ақынды былайғы жұрт біл...