Сұмдық жағдай: 30 адам бір мезетте ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2853

Үндістанда су тасқынынан отыздан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайдан бас-аяғы 78 мың тұрғын зардап шеккен.

Ал жауын тоқтайтын емес, бірнеше күннен бері сіркіреп тұр. Халық тізеден су кешіп жүр. Кейбір жерде тасқын соңы лай көшкініне ұласты. Мыңдаған тұрғын жылы орнын тастап, бас сауғалап кетті.

Билік уақытша шатырлар құрып жатыр. «Бірақ олардан пайда жоқ, жаңбыр құйып тұр», - дейді тұрғындар. Жолдар жабылып, бір жарым мыңнан астам турист сырт әлемнен оқшауланып қалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...