Бүкіл бір отбасының полицейге істеген ерсі ісі әшкере болды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2199

Ақмола облысының Щучинск қаласында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам оны тоқтатқан полицейді соққыға жыққан. Төбелеске оның әйелі де, бауыры да араласқаны анықталып отыр, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Дереккөзге сүйенсек, қазір полицейді ұрған бірнеше адам анықталып, ұсталған.

«Өткен сенбі күні учаскелік полицей аумақты патрульдеп жүргенде, УАЗ маркалы көлікті тоқтатқан. Анықталғандай, оны жүргізіп келе жатқан 1978 жылғы азамат жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Осыны анықтаған полиция қызметкерін ол бетінен бірнеше рет ұрып жіберген. Одан кейін көлік ішінен оның бауыры, әйелі шығып, полицияға жабыла кеткен», - деп жазады паблик.  

Полицияның мәліметіне сүйенсек, қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталып, ұсталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...