Әбілқасым орташа дәулеті бар көптің бірі. Жұмыс жасайды. Отбасын асырайды. Төрт баласының кішісі Ерб...
Әбу Насыр әл-Фарабидің 15 томдығы жарыққа шықты
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 15 томдық кітап топтамасының тұсаукесері өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 15 томдық кітап топтамасының тұсаукесері өтті.
Жинақтың құрастырушы авторы белгілі жазушы Роллан Сейсенбаев. Үш тілдегі көп томдық басылымға Шығыс ойшылының еңбектері енгізілген: «Ақыл туралы кітап», «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Музыканың үлкен кітабы», «Жаратылыстану ғылыми трактаттар», «Ұстаздың оралуы», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Музыка туралы үлкен кітап», «Ғылым туралы кітап». Олардың көпшілігі ерекше құнды еңбектер. Себебі олардың басым бөлігі қалың оқырманға таныс емес. Мерейтой қарсаңында Әбу Насыр Әл-Фарабидің мұрасы бүкіл әлемде кеңінен насихатталуда, ал оның еңбектері түрлі елдерде басылып шығарылуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыс ойшылының еңбектеріне сүйене отырып, білім мен руханилықтың интеграциясы негізінде жастардың моральдық-өнегелік тәрбиесінің жаңа моделін жасады. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсымен бірлесіп «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру» жобасы жүзеге асырылуда.
Қазіргі заманда Әл-Фараби тұжырымдамасы қоғамның тұрақты дамуындағы университеттің миссиясын халықтың тәрбиешісі, тәлімгері және ұстазы ретіндегі «қайырымды қала»басшысының рөлі арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. Мұндай тәлімгерлікті қазіргі университеттер жүзеге асыра алады және енгізулері керек. Осыған байланысты Әл-Фараби шығармаларын тарату барлық елдер мен халықтар үшін аса өзекті және маңызды миссия.
Әл-Фарабидің бірегей еңбектерінің жарық көруі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және Шығыстың екінші ұстазының рухани мұрасын насихаттауда үлкен мәнге ие.
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Біздің бүгініміз бен болашағымызға көп нәрсе бере алатын ақылды кітаптар қорын құру – байсалды көзқарасты талап ететін аса жауапты міндет».
Алматы қаласы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі