Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды география пәнінің мұғалімі Арғын Бастамиге көлік сыйлады....
Қазақстанда маска режимі қайта енгізіледі
Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
2024 жылғы 8 ақпанда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да, денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда маска режимі енгізіледі.
Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолға алынып отыр.
Қазақстан халқы арасында инфекциялық аурулардың (қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулар) таралуының алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде персонал мен емделушілерге маска режимін енгізуді қаулы етемін. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына, аумақтық департамент басшыларына осы шараларды қолға алуды тапсырамын, - делінген құжатта.