Досының ұйықтап қалғанын пайдаланып атынан несие рәсімдеп алған

Фото: kursiv.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3091

Ақтөбе облысының тұрғыны ұйықтап қалған досының телефонынан несие рәсімдеп алған. Аталған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Темір ауданының тұрғыны телефоны арқылы белгісіз біреулердің оның атынан несие рәсімдегені туралы полицияға шағымданды.

Полицейлердің анықтауынша, автокөлік салонында ішімдік ішіп отырған кезде жәбірленуші ұйықтап қалған.

Осы сәтті пайдаланған танысы телефондағы банк қосымшасы арқылы 400 мың теңге несие рәсімдеп, өз шотына аударған.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...