(А.Кемелбаеваның «Тырнақ» әңгімесі туралы бірер сөз)Қазіргі қазақ прозасында әңгіме жанр...
Адонис. Әль-Маарриге
Сириялық, жоқ, Сириялық емес, әлемдік ақын Адонисті қазақ қауымы Аллен Гинзбург яки Йоргос Сеферисті танығаны секілді танымайды. Бірақ Гинзбург пен Сеферис те біздің оқырмандарға соншалықты таныс деп айта алмаймыз. Бұл бейне бір шашына ақ түскен шағында сапарға шыққан қарияның төбе басында немесе көл жағында отырып, алысқа көз тастағаны секілді. Келесі тұрақтайтын шаһарға қашан, қай уақытта жетері белгісіз. Не шаһар қарияға, не қария шаһарға жақындар емес. Әйтпесе әлемді аралаған қарияға қол ұшында тұрған шаһарға жету қиын болып па?! Тек шаһар оған қақпасын ашса жетерлі!
"Мәдениет порталы" араб тіліндегі 20-дан астам кітаптың авторы, "Жаңа поэзия" қозғалысының беделді өкілдерінің бірі, "Әдебиет" аталымында Нобель сыйлығына басты үміткерлер қатарында есімі жиі аталатын, тоқсан жасты тақымдаған ақын Адонистің (шын есімі - Али Ахмад Саид Эсбер) Әль-Маариге жазған өлеңінің қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!
Аударған Файзулла Төлтай