Әйгілі 7 компанияның басшылары ұсынған 7 кітап

ӘДЕБИЕТ
1854


Фото: eksmo.ru
1. Facebook желісінің құрастырушысы Марк Цукерберг«Рационалды оптимист» (Rational Optimist) кітабын ұсынады. Авторы – Мэтт Ридли (Mett Ridli). Бұл кітапта мемлекет экономиканы қатаң бақыламаса, экономикада өсім болады деген ой айтылады.


 2. Майкрософттың (Microsoft) басшысы Билл Гейтсұсынған оқулықтың алғашқы тізімінде тұрған кітап –«Бизнес-оқиға» (BUSINESS ADVENTURES). Авторы –Джон Брукс (John Brooks). Бұл кітап 50-жылдардағы Уолл-Стрит (Wall Street) туралы  әңгімелер жинағы. Гейтстің айтуынша, бұл кітап  биснесті басқарудағы принципі өзгермейтін және өткен тарихы идеяларды дамытуға негіз болатын жас кәсіпкерлерді еске салады дейді.

 

Фото: store.artlebedev.ru

3. Apple компаниясының құрушысы Стив Джобсбірде түлектердің бітіру кешінде «Осылай аш және ақымақ күйде қалыңдар» деп сөз сөйлеген. Оның  оқуға кеңес беретін Клейтон Кристенсеннің(Clayton Christensen) «Инноватор дилеммасы» (The Innovator’s Dilemma) кітабының да негізгі идеясы осы.  Джобсқа ерекше әсер еткен аталмыш кітап әлемді өзгерткен технологиялар жайлы.

 

Фото: ozon.ru

 4. Twitter-дің негізін салушы Джек Дорси «Чек-лист» (Check lists) кітабын «сүйікті кітаптар» тізімінде көрсеткен. Авторы Атаула Гаванда кітаптың венчурлық инвесторлар жайлы бөліміне ерекше назар аударып, сондағы ақшаны дұрыс пайдалану және іске қосу жайлы жазылған сөздерді жиындарда үнемі мысал ретінде келтіріп жүреді. Сондай-ақ, твиттерді құрастырушы компаниясына қосылған жаңа қызметкерлерге осы кітапты сыйға тартады екен.

 

Фото: ozon.ru

5. Tesla компаниясының басшысы, өнертапқыш –Илон Маск (Elon Musk) «Бенджамин Франклин. Биография» кітабын оқуға кеңес береді. Өмірбаяншы Уолтер Айзексон (Walter Isaacson) Бенджамин Франклиннің саясаттағы өмірін ғана емес, оның ғалым, өнертапқыш, дипломаттық бейнесін де аша баяндайды. Бұл шығармамен Илон Масктың шабытының шындалғаны белгілі. 

 

Фото: LifeInBooks.net

 6. «PepsiCo» компаниясының директоры Индира Нуйи (Indira Nui) – өзіне өте жақсы әсер еткен кітап ретінде Дэвида Брукстың «Мінезге апарар жол» (The Road to Character) кітабын көрсеткен. Ол осы кітапты оқыған соң жетістікке жету жолында жұмыс та жеке бастың мәселесі секілді өте маңызды деген тоқтамға келеді.


Фото: LiveLib.ru

7. Amazon интернет-компаниясының басшысы Джефф Безос (Jeff Bezos) Кадзуо Исигуроның(Kazuo Ishiguro) «Тәуліктің қалған бөлігі» кітабын ерекше атап көрсетеді. Осы кітап туралы бір сұхбатында: «Сіз бұл кітапты оқи бастасаңыз, өз-өзіңізбен қалып, ойлануға да мұршаңыз келмейді» деген.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...