Екі лидердің де өмір жолы өнегелі тағылымға толы. Екі күрескердің тәуелсіздік күресінің нәтижесі бір...
Айгүл Құлданаева. Ақкиізтоғайдың ақ бұлты
589
Белгілі ақын Аманқос Ершуовтың шығармашылығына арналған қаламгерлер арасында «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар» атты республикалық эссе байқауына
Ақкиізтоғай! Алақандай ауыл болғанымен адамдарының есімі алты Алашқа аңыз болып жеткен жер. Топырағы құнарлы, жері шұрайлы. Аттың төбеліндей ауылдың аспаны ашық, тұрғындары дін-аман. Әріден қозғасаң пір Бекет, беріден бастасаң Аманқос Ершуов секілді ақынымен аты шыққан ауыл.
АманқосЕршуов - 1943 жылы 18 тамызда Атырау облысы, Ембі (Жылыой) ауданы «Коммунизм таңы» совхозында (Ақкиізтоғай ауылы) дүниеге келген. 1966 жылы Гурьев педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. 1966 — 1967 жылдары Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби-қызметкер болған.
Ақын өзінің туған өлкесін жырға қосып, жаны жүдеткен сәттерді дала-дәптеріне түсіре берген болуы керек. Өзінің «Жерұйық» деген өлеңінде;
«Ауылым,
Айналайын арда мекен,
Өлгенше өлеңімді арнап өтем.
Қасыңнан қарға адым жер ұзамастай
Кіндігім нық байланып қалған екен» -деп жырлайды.
Ақынның ауызына Алланың сөз салатыны бар. Шын мәнінде Аманқос Ершуов туған жеріне кіндігінің нық байланғандығын жеткізеді. Жасампаздығы жоқ яғни өлең шынайы туған. Жүректен шыққан өлең сол бойда жүрекке құлай кетеді. Ақынның өзі айтқандай жерұйығын өлгенше жырлап өтті. Өз аспанының астында өз жерінің үстінде жүріп-ақ, бақытты болды. Кейде біздің яғни қарапайым адамдардың ақын жанын әдейі жаралайтынымыз бар. Түсіне тұрып, тіл батыратынымыз тағы бар. Қойшы тәйірі қалай болған күнде де ақынды азаптауға құмармыз. Осыны терең сезінген болуы керек Аманқос ақын «Солар айтсын» деп аталатын өлеңінде;
«Өзімді-өзім даттағанда не табам,
Өзімді-өзіммақтағандане табам?
Мен туралы ұзақ-ұзақ сыр айтар
Оңашада басын қосса екі адам.
Олар менің алдағымды болжайды,
Жұлдыздарға тікетартар жол жайлы.
Адамдардың алақанында келем ғой,
Не деседе соларайтсынмен жайлы» деді. Міне ақын Аманқос Ершуов осылай көсілген. Кім не десе де өзін жоғалтып алмауға тырысқаны байқалады. Рас, ақынның ішкі әлемі және әулиелігі болады. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ, өз жүрегін жарып шыққан «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар» өлеңін айтуға болады. Ол:
«Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар,
Байқасақ, аспанда да алалық бар.
Біреуде жас та болса даналық бар
Біреуде қарт та болса шалалық бар» деп өмірдегі кейбір сәттерді тамаша суреттеген. Ал, оның әулиелігі осы өлеңінде анық суреттеледі.
«Қара жер! Сенде тудым, сенде өлемін,
Несіне арамтер боп сенделемін.
Мен осынау бұлттардағы бұлқыныспен
Буға айналып кеткенді жөн көремін…» деді. Шынында өзінің кіндік қаны тамған ата жұртынан алысқа кетпеді. Өзі айтқандай бұлттардың бұлқынысымен буға айналып кеткенді жөн санаған. Табанының табы қалған, ақынның бағы жанған атамекені – Ақкиізтоғайында өмір сүріп, талайдың таңдайын қақтырар дүниелерді жазып кетті.
«Аптап ыстық,
Өң-түссіз өлі дала,
Жортатын некен –саяқ бөрі ғана.
Керуен сахарада сандалады
Алар ма алақанға өмір-ана» деп жырлайды «Дала философиясы» деген өлеңінде.
Далалық ұлдың дала туралы жырламауы күнә болатын шығар. Себебі, ойы мен қырын, сай-саласын жүрегіне қонақтатқан жанның осал жазуға хақы жоқ. Аманқос ақын сол осал жазуға хақы жоқ топтан. Меңдекеш Сатыбалдиев сынды ақ боран ақын туған өлкеде өскен Аманқос Ершуовтың да одан кейінгі толқында қуатты болуға тиісті. Олар туған топырақ құнарлы. Қалай десек те Атырау аспанының соның ішінде Ақкиізтоғайдың ақ бұлты Аманқос ақынның жырлары ел-жұртының, сүйікті оқырманының жүрегінде...
Ол өзінің ЖЫР-МАРЖАНЫНА қанат қақтырды. Ол мәңгілік жасай береді.