АНТОН ЧЕХОВАударған Ә.КекілбаевКереметтей көңілді кеште білдей мекеменің шаруашылық жағын күйттейтін...
Дәстүрлі «Ауылым — алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары анықталды
2021 жылдың 22 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында “Ауыл” Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен "Мәдениет порталы" осымен бесінші рет ұйымдастырып отырған дәстүрлі “Ауылым - алтын тұғырым” әдеби онлайн-додасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Биылғы әдеби онлайн-конкурсқа 100 ден аса қаламгер қатысты. Шығармалар поэзия, проза және драма жанрлары бойынша қабылданды. Құрамында еліміздің белгілі ақын-жазушылары мен әдебиеттанушылары бар қазылар алқасы ең үздік шығармадарды іріктеп алды.
Көпшіліктің сұрауы бойынша жыл сайын онлайн-доданың өткізу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. 2019 жылдан бастап орыс тілінде жазатын қаламгерлер конкурсқа қатысуға мүмкіндік алған еді. Бұл шешім конкурс ауқымын біршама кеңейтуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде кейінгі екі жылдың ішінде еліміздегі орыс тілінде жазатын қаламгерлерден бөлек Әзірбайжан мен Ресей Федерациясының ақын-жазушылары да байқауға өз жұмыстарын ұсынуда.
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының жеңімпазына қосымша сыйлық тағайындалды.
Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 05 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қазақ балалар әдебиетін дамыту мәселесіне айрықша тоқталып, қаламгерлер қауымына үндеу тастаған болатын. Президенттің осы бір маңызды бастамасын қолдау мақсатында биыл «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсы аясында «Балаларға арналған ең үздік әдеби шығарма» бойынша жаңа номинация тағайындалып, арнайы жүлде жарияланды.
Әдеби байқаудың басты жүлдесі - «Алтын тұғыр» белгісі. Оның иегері өз жанрында 1-ші орынға ие болғандардың арасынан анықталады. “Алтын тұғыр” белгісінің иегеріне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қосымша ақшалай сыйлық беріледі.
Әдеби конкурс нәтижесі бойынша әр номинациядан үздік шыққан шығармалар жыл сайын «Алтын Тұғыр» деген атаумен үш томдық жинақ ретінде жарыққа шығарылады. Кейінгі 4 жылдың ішінде 12 томдық жинақ республикамыздың барлық аймақтарындағы кітапханалар арқылы қалың оқырман қауыммен қауышып, лайықты бағасын алуда.
“Ауылым - алтын тұғырым” конкурсының қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде “Соңғы намаз” шығармасының авторы Есболат Айдабосыновқа берілді.
Драма номинациясында:
1 орын – Ықылас Шалғынбай
2 орын – Әскерхан Хуанбай
3 орын - Ақылбек Шаяхмет
Қалихан Ысқақ атындағы арнайы жүлдені Сәдір Нұрлан иеленді.
Проза номинациясында:
1 орын - Есболат Айдабосынов
2 орын – Айзат Рақышева
3 орын – Жантас Еркін
Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы жүлдені Қанат Әбілқайыр иеленді.
Поэзия номинациясында:
1 орын – Арқалық Әмәлият
2 орын – Ұмтыл Зарыққан
3 орын – Жарқын Жұпархан
Қасым Аманжолов атындағы арнайы жүлдені Жұматай Көксубай иеленді.
“Үздік балалар шығармасы” номинациясында «Бесарықтағы кішкентай блогер»шығармасының авторы Аслан Тілегенов жеңімпаз болып жарияланды.