Елордада Икрам Адырбековтің «Елшінің жазбасынан» атты кітабының таныстырылымы өтті

ӘДЕБИЕТ
1233

Елордада ҚР Сенаты жанындағы Сенат Кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Икрам Адырбековтің «Елшінің жазбасынан» атты кітабы жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Біздің басымызды біріктірген тәуелсіздік. Оның жолында қаншама азаматымыз күресті. Ел болып етегімізді жиғалы біраз дүние атқарылды. Тәуелсіздік алған жылдары біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында болдық. Оның сол кездегі ел болашағы үшін қабылдаған басты шешімдерінің куәсі болдық. Міне бүгінгі залда сол заманда ел үшін еңбек еткен жандар отыр. Соның бірі бауырымыз Икрам Адырбеков те бар. Әріптесіміз қызметі туралы күнделік жазып шығыпты. Өзімізде кезінде елші болғандықтан күнделік жазу дәстүрі таныс. Және күнделік жазған дұрыс. Кітапты қарап шықтым, барған елдердің бәрімен қарым-қатынасың жақсы болған екен. Сыйлы азамат болған екенсің. Бұл дегеніміз еліміздің мерейі», - деді мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков тұсаукесер рәсімінде.

Автордың айтуынша, туынды да елшілік қызмет кезінде өзі куә болған түрлі шаралар мен маңызды кездесулердің хаттамадан тыс қалған жайттар мен қызықты оқиғалар баяндалған.

Сондай-ақ, шет мемлекеттерде түрлі сала бойынша жүргізілген озық реформалар мен тәжірибелер туралы зерттеулері және автордың өмір жолы тартымды суреттелген.

«Елшінің жазбасынан» кітабы қалың оқырманға, дипломаттар мен жастарға оқуға ұсынылады.

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен шығарманың таныстырылымына елімізге белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, ҚР Сенаторлар Кеңесінің мүшелері, депутаттар, шетелдік дипломаттар қатысты.

madeniportal.kz

author

Икрам Адырбеков

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...