Бүгін елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық...
Уәлибек Әбдірайымов Есен Елеукен мен Тұрсынбектің жанжалына қатысты пікір білдірді
"Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов әзіл әлеміндегі інілері Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың жанжалына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл даудың туындауына не себеп болғанын айтып, кімнің ойын дұрыс санайтынын жеткізді деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған "Мәдениет порталы".
Танымал әзілкеш Қабатов пен Елеукен не бөлісе алмай жүргенін ашық айтты.
Олардікі жарыс, екеуінікі бірдей. Тек марапаттау мен сыйлық беруі ғана әртүрлі. Тіпті әзілдері де бірдей. Неге онда бірікпейді? Бөлісе алмайды. Нан бөлісе алмайды, сөздің ашығына келгенде.
Көп жобаны бұларға біреу ғана қылу керек еді. Болды. Сосын қасына біреуді жинады ма, өзінен де мықтыны жинау керек еді. Мына сөзімді естісе, кешірсін. Мен өзіме бір адамды шақырам, өзімнен мықтыны таңдаймын" , - дейді Уәлибек Әбдірайымов.