Парижде қазақстандық жас дарындардың жұмыстары көрсетілді

ЖАҢАЛЫҚТАР
2313

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан елшілігінде мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтар суреттерінің «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылды. 

Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы елшілігі, «MPL Culture» компаниясы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қазақстандық қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырған.

Сонымен қатар қонақтарға француз тіліне аударылған «Әуезханның 40 ұлы» атты қазақ халық ертегісі көрсетілді. Бейнелі көрмелердің авторы Ангулем қаласы Анимация мектебінде екінші курстың жас студенті Доминика Қыдырбаева болды. Ұзақ айлар бойы бұл жоба бойынша қазақстандықтар мен француздардың бірлесе еңбек етті. 

Бүгінгі таңда ертегі француз және орыс тілдеріне аударылған. Бірақ басқа елдердің, соның ішінде Швейцария мен Германияның қызығушылығын ескере отырып, неміс және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары дайындалуда.

Қазақстанның Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев өз сөзінде «Аялаған алақан» қорының «мүмкіндіктері шектеулі емес, бірақ суреттерінен шығатын ерекше дарыны мен жарқын энергетикасы бар балалардың шығармашылығын көрсете отырып», өте маңызды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. 

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та Трамп пен Маскқа қарсы жаппай митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Белсенділер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған, деп хабарлайды...