Енді не өзгереді?

ӘДЕБИЕТ
1718
Сағадиев министр болып келе сала "Қазақ әдебиеті" оқулығын оқу орындарынан құртпақ болғанда, "Айқын-аптаға" осындай мақала жариялап едік. Ол кезде жоғарыдағылар "Қазақ әдебиетіне" қырын қарайтын. Қазір жағдай түзеліп келе жатқан секілді...

Бүгін Дәурен Абаев парақшасында "Қазақ әдебиеті" оқулығына қатысты талдау қортындысын жариялады. Оқулықтағы бірнеше олқылықты атай келіп, "Мемлекет басшысы осы талдау қорытындысымен танысып, Білім және ғылым министрлігіне мәселені мұқият зерделеуді және кемшіліктерді жоюды тапсырды" деді. 

Әдебиеттің ұлттық идеологияның бастауы екенін жоғарыдағылардың түсіне бастағанына қуанады екенсің...

Енді не өзгереді? Түсінгенім "Қазақ әдебиеті" оқулықтары қайта жазылатын секілді. Оқулыққа енгізілетін қаламгерлер тізімі дайындалатын көрінеді. Тізім дайындауда Жазушылар одағының ой-пікіріне көбірек басымдық берілетін секілді...

Жазушылар одағы бастауыштың оқушыларына арнап балалар әдебиетінің классиктерін ұсынғанын қалар едік. Әсіресе Жақан Смақов, Жарасқан Әбдіраш, Марат Қабанбай, Өтепберген Ақыпбеков, Әнуарбек Дүйсенбиев, Әділ Балта, Сұлтан Қалиұлы, Ескен Елубай секілді бар өмірін балалар әдебиетіне арнаған балалар бағбандарының шығармашылығы ұмыт қалмаса екен деген тілек бар...

Жалпы "Қазақ әдебиеті" ғана емес, біздегі біраз оқулықта бірізділік, жүйе жоқ. Тіпті кейбір оқулықтардың мазмұны бір-біріне қайшы. "Адам маймылдан жаралды" деген ескі түсінік әлі жүр. Әліппеден бастап оқулықтардың бәрін жүйелейтін уақыт келген секілді...

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...