Мұнайдар Балмолда. Серке

ӘДЕБИЕТ
3267

(әңгіме )


Ешқандай саясатпен шаруасы жоқ қойшыға бір оқыған адам сұрақ қойыпты.

– Ақсақал, қалай ойлайсыз, біздің үкімет қайта-қайта ауысып жатыр, бірақ одан не өзгеріс бар?

– Шырағым, оныңды білмеймін, менің білетінім мына отар қой. Осы отарды бастайтын дырау серкем бар еді, оны оншақты күн бұрын інге аяғын тығып алып, ақсақтап қалды. Сосын, оны қораға қамап қойдым, емдеп көремін, жазылмаса пышаққа түседі. Ал отарды жас серке бастап кетті. Жас серке бастағалы қойдың өрісі ұлғайды, алысқа жайылатын болды. Көктемнен әзер шыққан мал, қоң жинап, әбден жақсарып қалды. Әрі итім де ұзаққа жайылған қойды қарайлап, серкеге көмекші болып жүр. Оған да жас серкенің өрісті ұлғайтқаны ұнайды. Итқұстан, төнер қауіп-қатерден қорғап, ол да қызметіне адал беріліп, жас серкені түсінетіндігін байқатады.

– Бұрынғы серкеңіз жазылса, оны отарға қоспайсыз ба?

– Ә, иә, ол ептеп жазылды. Тіпті, қайтадан отарға әкеп қосып қойдым. Отардың аз ғана бөлігі, бір елу шақты қой оны танып, төңірегінен шықпайды. Ал ол болса алысқа ұзай алмайды, әрі қарт, әрі ақсақ, бір жерді айналшықтап жүргені. Кейде ол отарды жарға апарып тіреп қояды, өзі ақсақ, әрі қарт, қойлар ұзамаса екен дейді ғой. Бірақ, отардың ішінде небір жас тұяқтар бар, олар алдына қарайды ма, алға басады. Ондайда тек итім қауіптің бетін алатын. Әйтпесе, білмеймін, отарымнан айырылып, қамшымды мойныма іліп, безіп кететін шығармын. Ал қазір отар жас серкенің соңынан ілесіп, бұған қарайлауды қойды. Мұның бары не, жоғы не... Оны мен қайтадан отарбасы қылып сайласам да, қойлар оған ермейді. Менің білгенім осы, қарғам...

Оқыған адам күліп жіберді де, «Ақсақал, сіз де қатырасыз, саясаттан хабарым жоқ дегеніңіз қайда? Сіз нағыз саясаткер екенсіз!» деп жөніне кетті...

Мәдениет порталы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...