Түні бойы дөңбекшіп, дұрыс ұйықтай алмады. Қайта-қайта телефонның сағатына қарайды. Бір қараса түнгі...
Мұқағали Мақатаевтың өмірінде түскен жалғыз видеосы жарық көрді
13468
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың телевизияға түскен видеосы пайда болды. Онда ақынның “Мавр” поэмасынан үзінді оқығанын тыңдауға болады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Алтын қорда сақталған ерекше кадрларды altyn-qor.rtrk.kz сайты жариялады. Онда Мұқағали Мақатаевтың бейнесін және "Мавр" поэмасынан үзінді оқығанын тыңдауға болады.
Бейнесюжеттің соңында: "Мұқаңның өзі мен сөзін кезінде таспаға түсіріп алуды ойламаған екенбіз. Шарқ ұрып жүріп іздеп тапқан бірер сөзі мен бейнесін тәбәріктей құрметтеп, бойтұмардай қастерлеп фильмге пайдаландық", — деп жазылған.
Видео сілтемесі: https://altyn-qor.rtrk.kz/video/742
Видео авторлары бұл Мұқағали Мақатаевтың көзі тірісінде ең алғаш және ең соңғы рет түскен бейнесі екенін айтады.