Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы туған жерінде аталып өтті

ӘДЕБИЕТ
1575

Белгілі ақын, әдебиеттанушы, балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы өзінің туған жері Павлодар облысы Шарбақты ауданында аталып өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Мұзафар Әлімбаев – «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтардың авторы. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы.

photo

photo

«Мұзафар Әлімбаевтың поэзиясы – классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінің басты қазынасы. Ол «Балдырған» балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал», - деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Асайын Байханов.

Шара барысында қаламгердің кітаптары мен жеке заттары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

photo

photo

photo
author

Мұзафар Әлімбаев

АУДАРМАШЫ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...