Перизат Алмазқызы: «Сүйегім - Қырғыз, етім - Қазақ»

ӘДЕБИЕТ
5556
Перизат АлмазқызыПеризат АлмазқызыҚырғыз-ҚазақҚос қанатым,
Қалықтаған сұңқарым!
Аспан, айга шарықтаған,
Қатар шапқан тұлпарым!..

Қырғыз-Қазақ 
Шам шырағым,
Иран бағым жұмағым.
Жүректегі киелі,
Құдіретті пырағым!

Қырғыз-Қазақ
Сыңарым!
Сылдыр аққан бұлағым,
Алтын, күміс, тұмарым!
Бұрқыратып өлеңді,
Жан тәніммен құшамын.

Қырғыз-Қазақ
Қыраным!
Алты Алашым ұраным.
Арман, үміт, мұратым,
Ар-намысым қуатым!

Қырғыз-Қазақ
Құдайым!
Құдайым деп ұғайын!
Ашық болсын аспаның!
Жарық болсын маңдайың.
Бекем болсын достығың!
Нұр төгіліп ылайым!

ӘМИН!

***

Ұнатпаймын !
Өмірде 
аяз, боран соққанын,
Қара аспанның 
найзағай шағылысқан оттарын.

Ұнатпаймын!
Көңілдің
кірбің шалыс басқанын.
Адалдықтан айынып 
адал достың сатқанын. 

Ұнатпаймын!
Өзеннің
Лайланып аққанын,
Қосыла алмай теңізге
бір шалшықтап жатқанын.

Ұнатпаймын!
Күнімнің
Қас-қағымда батқанын,
Жұлдыздарды жасырып 
Таң алдында атқанын.

Ұнатпаймын!
Түнімнің
Қара тастай басқанын,
Қорадағы иттердің
көп қыңсылап жатқанын.

Ұнатпаймын!
Үміттің
Соңғы отын жаққанын,
Сәулесіне жылынып
Арсыз болып қалғанын.

Ұнатпаймын!
Тірліктің 
Абыр-сабыр жақтарын,
Байлық қуған пенделер
отыр тістеп бармағын.

Ұнатпаймын!
Тарихтың
Бұрмаланып жатқанын.
Білсе екен Түркі елі
Тамыры тереңде жатқанын.

Ұнатпаймын!
Көздердің 
Жасы сорғалап аққанын.
Сайтан ойнап тамырдан,
Канын ішіп алғанын.

ҰНАТПАЙМЫН!
Көп нерсе!
Ұнататын не қалды?!

Ұнатамын!
Өмірдің
Жұпар аңқып шашқанын.
Көк толқынның тебіреніп,
Беттен сүйіп алғанын.

Ұнатамын!
Көңілдің 
Көкке қанат жайғанын!
Ак бесікке бөленіп
Аққан жұлдыз жатқанын.

Ұнатамын!
Тәңірдің
Көк тіреген тауларын,
Маған ұқсап сылдырап
тұнып аққан бұлағын.

Ұнатамын!
Сезімнің
Жалын оттай жанғанын,
Жапырақтай дірілдеп
Бүрлеп шексіз ашқанын.

Ұнатамын!
Қазақтың 
Жасыл-шалғын даласын,
Өмір берген мен үшін
Бір домалақ баласын.

Қырдың қызы Қырғызбын!
Қырғызбын һәм Қазақпын!
Бір ұнатып ,
ұнатпай тарттым өмір азабын...
Өмірімнің өшірдім
күйік жерін, мазасын
Енді жазып жүректің
Айықпаған жарасын!

*** ***

...Адасып
арасында
Жер мен көктің!
Армандап
Ақ пен қара 
Жолмен кеттім.
Арбасып
Ортасында
От пен өрттің.
Аралап өтіп 
барып күнге жеттім.

Күн нұры өртегендей
екі бетім,
Мұңымды түсінбеген егіз елім.
Ботадай боздап барып
сыздап барып...
Қайысып қабырғам да сынып белім.

Бұл өмір бола бермес
енді тегін!
Қай-қайда адаскандай
тентіредім.
Алады тағдырлар да
Менен кегін.
Тірі жүріп 
тірідей болдым жетім.

Сұм өмірден
Мен де енді соққы жедім.
Құлап
Тұрып 
Төгейін болды мейрім!
Өшірем өмірімнің 
күйік жерін.

*** ***

Аспан,
Жерде
Қарғалар жүр қарқылдап!
Мен тұрмын ғой
Құс қимылын бақылап.
"Ит тірлік ай-й, 
Нан сұрады қыңсылап.
Қалтам жыртық, 
Не істейсің сен сұрап?
Шүкір ,тұрдым бір құлап!
Қашан енді?
Күн күлімдер жарқылдап?!

Ашпын,
Тоқпын,
Тамырымда қан қайнап!
Маған қайдан болмақ еді
Бал, қаймақ?!
Бармын,
Жоқпын кейде жүрем жайраңдап.
Отпын,
Шоқпын 
Жанып барып лапылдап,
Өшіп кетем "У" ды ұрттап жалындап.

...Бүгін күз бе?..
кыс па білмеймін, аяқтарым қалтылдап.
Аяз тұр-ау қақ төбемде сақылдап.
Жылап тұрмын көкке қарап шын жырлап,
О, Тәңірім берші енді күш-қуат!
Бұл өмірден жүрейінші күй тыңдап.

Перизат Алмазқызының дербес парақшасына өтіңіз
author

Перизат Алмазқызы

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...