Поэзия – адамзат Рухының шынайылық пен шексіздікке ұмсынған қасиетті уілі. Поэзия - жабырқаған...
Қадыр түніндегі дұға
5117
Алтындай інім Бейсен Құранбектің қазасына Қадыр түні. Қайғырдым. Кібісенің басы мұң. Қабырғамнан сөгілдім. Қайратымнан жасыдым. Саған Құран бағыштап отырамын деп пе едім... Айналайын інім-ай, арда туған асылым! Қайтсем екен өксіткен жүректегі шеменді, Қадір түнгі дұғамды естірмісің сен енді. Қара жерге тапсырып сенің асыл денеңді, Қасірет қой, қасірет – жазған мынау өлеңді. Басқа түссе баспақшыл... Түн сейіліп, таң келер. Енді өзіңсіз дүниеге таңдар қалай сән берер? Айтуға оңай болғанмен... Қиын, қиын бұл тағдыр, Сендей адам болмаса қиналғанға дем берер. Қайратыңды халқыңа арнау еді-ау арманың, Қарекетпен талайдың ақ үмітін жалғадың. Жылағанның көз жасын құрғатам деп, ардағым, Жүрегіңе салдың-ау дүниенің салмағын. Қадір түні. Қасірет. Көп-ақ біздің күнәміз, Жақсылығын жақсының өлгеннен соң ұғамыз. Айналайын інім-ай, жолдас болсын иманың, Қолдан келер қайран жоқ... Қабыл болғай дұғамыз! Қабыл болғай дұғамыз! Темірғали КӨПБАЙ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты