Қазақ қаламгері жоғарғы атақты алды

ӘДЕБИЕТ
2193

Моңғолия, өзінің руханият байлықтары мен мәдениет құндылықтарын жоғары бағалайтын елдің қатарына жатады. Өйткені, олардың қазаққа ұқсаған дала өркениеті дамығандықтан рухани өркениетті материалдық байлықтан биік қоятын адамгершілік өлшем қалыптасқан өте ізгі ел.

Соның әсерінде, соңғы бірнеше жүз жылдықта қалыптасқан жазба әдебиеті де өте бай. Мысалы, «Монгол Ганжуур, Данжуур» атты жүздеген томдық кітабы моңғолдардың рухани ой әлемінің алтын қоры ретінде бағаланады. 

Осындай рухани ізгілікке жеткендіктің арқасында өз елінің құрамындағы қазақ қауымының мәдениетіне де олар аса көңіл бөлді. Әкімшілік жеке аймақ құрып, қазақтың тіліне, дініне, өзгеше мәдениетіне қамқорлық жасаумен келді. 

Міне, осы игі үдерісті қорытындылаған тарихи еңбек Баян-Өлгий аймағының орнағанының 80 жылдық даталы мерекесіне арналып шыққан еді. «МОНГОЛ УЛС, БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМГИЙН ТҮҮХЭН ТОВЧООН» (Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының тарихи баяны) 600  беттен тұратын көлемді кітапқа 1939-жылдан бері сақталған баянөлгийлік қазақтарға қатысты жүздеген тарихи суреттер қамтылған. 

Моңғолия үкіметінде министр дәрежесінде жоғарғы лауазым атқарған қазақтар; Ұлы Құрылтайға сайланған депутат қазақтар; Мемлекеттік жоғарғы сыйлық, атақ алғандар; дүниежүзілік және елдегі спорттық бәсекеде жеңіске жеткендер; жоғарғы ғылыми атақ алған адамдар; армия әскери салада ерлік жасаған қазақтар;  төл қазақ әдебиетінің өкілдері; ұлттық қолөнер шеберлері; бейнелеу өнерінде әлемге танылғандар; ұлттық аймаққа тікелей қатысты «Бүріт салу», «Айтыс», және «Наурыз» тойларына демеушілік жасаған, оған тікелей атсалысқан үкімет адамдары, Қазақстанмен мәдени байланыс орнатқан жеке тұлғалар... сынды аймақтың рухани өміріне қатысты қыруар деректер жылнама ретімен кітапта нақты бедерленген. 

Және, әрбір бетте 1940-жылдан 2018-жылға дейінгі аймақта болған ерекше оқиғалар, үлкен жетістікке ие болған адамдардың қысқаша өмірбаяны да арнайы бағанада айқындалған.

Міне, мұндай энциклопедиялық деңгейде дайындалған тарихи баян Моңғолиядағы қазақтардың сан-салалы әлеуметтік әрі қоғамдық өмірін қамтығандығы бұл көлемді кітаптың жай оқырмандарға ғана емес, ғалым зеттеушілерге де өте қажет, құнды еңбек екен болғанын әйгілеп тұр. 

Осындай ауқымды кітапты құрастырушы – Моңолияның мемлекет және қоғам қайраткері әрі белгілі қаламгер Зарқұм Баймергенұлы деген азамат. Зарқұмның тоқсаныншы жылдардан қазірге дейін «Арғымақ», «Рауан таңдар», «Өмірдегі өзгеше өрімдер», «Көкжиек», «Құнарлы өлке, Құт мекен» «Үүлс болж нүүнэ», «Түүхэн он цагийн хэлхээ» қатарлы жыр жинақтары мен публицистикалық ондаған кітаптары қазақ, моңғол тілдерінде жарық көрген. Және жекелеген шығармалары түрік, алтай, орыс тілдерінде жарияланған. 

Осындай ұзақ жылғы жанкешті рухани еңбегін Моңғолия үкіметі лайықты түрде жоғары бағалап сол елдің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарының бірі «МОНГОЛ УЛСЫН СОЕЛЫН ГАВЬЯТ ЗҮТГЭЛТЭН» (Моңғоляның Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер)  сыйлығын Зарқұм Баймергенұлына Ел Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Уланбатыр қаласында жуықта өз қолымен табыстады. 

Бұл оқиға әрине, біздің қазақ азаматтарының мәртебесін көтеретін жағымды жағдай әрі Моңғолиядағы қандастармыздың өз ұлттық ділін сақтау жолында қандайлық күрескер екенін көрсеткен тамаша үлгі деуге тұрады. 

АБАЙ МАУҚАРАҰЛЫ, жазушы-журналист. 

Мәдениет порталы

author

​​Абай Хамза (Абай Мауқарұлы)

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...