Сәт Тоқпақбаев. Жаным садаға (ғұмырнамалық кітап)

ӘДЕБИЕТ
2935

Бірінші бөлім: Мәртебелі мейман  

Өмірде талай адамдармен жолығып, біразымен дос болып, сексен деген жасқа жеттім. Біреулер өмірдің сынағынан сүрініп, қиындыққа ұрынды. Сенімнен айрылып достықтан шыққандары да болды. Көпшілігімен жақын жолдас болдық. Ондай адал достардың қатары көп. Бір кітапқа барлығының бітім-болмысын тізіп шығу әлбетте мүмкін емес. Оңаша ойға батқанда әрбірінің ізгі қасиеттері еске оралады. Адалдыққа деген шексіз сүйіспеншілігің оянады. Досыңның қадірін одан сайын арттыра түседі. Оған деген достық сыйластығың еселеніп артады. 

Өзім біраз салада жұмыс істедім. Қазір күні көшеде, демалысыс орындарында жүргенде танымайтын адамдар кездесіп: 

- Ой, ағай, қалыңыз қалай? Мен пәлен органда істегенде сіз мені бүйтіп арашалап алып едіңіз, сондай жақсылық жасап едіңіз, сізге көп рахмет, мен қазір пәлен жерде іскермін, мында үйім тұр, жүріңіз дастарханымнан дәм татыңыз, - деп шақырушылар өте көп. 

Барлығын айтып беру мүмкін емес. 

Бір қызық жағдай болған еді. 2002 жылы мен зейнеткерлікке шықтым. Елбасының жанына Кеңесшісі болып қызметке барарда Қорғаныс саласынан әскери зейнетті жабдықтағам. 

Біраз уақыттан кейін Алматыдан екі кісі келіп, маған:

         - Пәлен уақытта сіз бізді осындай бір қиындықтан құтқарып алып қалған едіңіз, сіздің алдыңызда қарыздармыз, - дейді. 

Өзім ыңғайсызданып қалдым. Себебі оларға қандай жақсылық жасағанымды да білмеймін керек десеңіз. Еш есіме түсіре алмадым. 

         - Біз сізге Лексус деген автокөлік алып берейік деген едік, - дейді екі жігіт қосарлана. 

         - Айналайын, шырағым, маған ондай ештеңе керек емес, мен тіпті ол Лексусының қандай көлік екенін де білмеймін, керек емес, әуре болмаңдар, - деп шығарып салдым. 

Бір апта өткен соң тағы келіпті:

         - Әлгі көліктің тіпті бағасын түсіретін түрі бар, Сәке, сіз бізге сол көлікті алуға рұқсат етіңізші, - дейді.

         - Жоқ, рахмет қажет емес, рұқсат бермеймін, - деп әрең құтылдым. 

Сөйтіп бір-екі ай өтті. Бұл жағдайды ұмытып та кеткенмін. Бір күні тағы келіпті. 

         - Лексустың бағасы өзгеріп, барлығы сатылып кетіпті ағасы, енді мына Ландкрузер 100 деген бар екен, соны алып берейік. 

         - Жоқ, болмайды, - дедім өздерінен зықым шығып. 

Олар сонда да мені азғыруларын тоқтататын емес. Бірде сенбі күні жүргізушіммен жұмыстан шығып келе жатсам маған телефон шалып: 

         - Біз мәшине сататын жерде тұрмыз, сіз осы жерге келіңіз, мәшиненің түсін айтуыңыз керек. Біз бәрібір сіздің барлық құжаттарыңызды алдық, бізде көшірмесі бар. РНН нөміріңізге дейін бар. Біз қазір мәшинені жабдықтаймыз, - дейді. Ішімнен осындай да қадалғаннан қан алмай қоймайтын адамдар да болады екен-ау деп таң қалдым.

Ақыры не керек, әлгі 100 Джип Ландкрузер көлігін маған алып берді. Алғыс орнына жасаған қайтарымдары еді.

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде біраз уақыт Марденов Жүкен Баймұхамедович деген азаматпен жұмыс істедім. Ол кісі барлауда істеді. Керекудің қазағы. Арамызда екі-үш жас айырмашылық бар. Қазір Алматыда тұрады. Әлі күнге реті келсе қалжыңдасамыз. Өте білімді кісі. Алысқа да, жақынға да бірдей адал азамат. Бала-шағасын тегіс танимын. 

Мұрат Исаевич есімді жақсы ағай болды. Ол кісі де барлауда істеді. Қазір зейнеткер. Семейден болатын. Өлең жазатын ақындығы бар. Өз ісінің шебері еді. Өте адал, азаматтық қасиеті мол кісілердің бірі. Жастары үлкен болса да Сәт деп арқамнан қағып әзіл-қалжыңы араласып бірге еңбек еттік. Қазір де сол шынайы қарым-қатынас сақталды. 

Шербинин Николай Павлович есімді қызметтес азамат болды. Ол кісі де көңілі жақын жандардың бірі еді, қазір өкінішке орай марқұм болып кетті. Өмірде түрлі жағдай болады. Басыма қара бұлт төніп қызметтен босап жатқан кездерім де болды. Сол уақытта тайсалмай жоғарғы төрағаға дейін шындықты айтып, жақтаған адамның бірі осы кісі. Салым суға кетіп, қызметтен босап жүрсем маған ол кісі:

-Сәт, сен әлі Төраға боласың, - дейтін. 

Біраз жылдан соң ол кісі зейнетке кетті. Айтқанындай-ақ, арада шамалы уақыт өткеннен кейін мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болдым. Жарты жыл да істеместен Төраға етіп тағайындады. Сонда сол кісі келіп, мен саған айтып едім ғой деп көзіне жас алған болатын. 

         Ол кісінің жиен баласы Шекара училищесінде оқыды, сол жерден қыспаққа түсіп, оны оқудан шығарайын деп жатыр екен. Ұялып маған әрең айтып тұр. Сосын мен қалжыңдап:

         - Сол училищені сіздің үйдің алдына алып келейін бе? – дедім. 

Қазірде өмірден озды. Арамыздағы сыйластық өте жарасымды болды. Қас-қабағымызға қарап түсінісетін едік. Өмірде жай ғана қызметтес емес, жаныма жақын тартып, жүрегімнің төрінен орын алған адал достарым көп болды. Олардың әрбірі маған туысымдай, кейбірі сыңарымдай жақын боп кетті. Мен үшін осындай асыл азаматтармен қызметтес болу, сырлас дос болу үлкен мәртебе. Екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақыт дер едім. Мен достарыммен бақыттымын! Мен адал еңбегіммен бақыттымын! 

Исақ Іңкәрбаев есімді досым бар. Біз бір ауылдан едік. Жетім болып, жастайынан қиындықты көп көріп өсті. Қазір жетпістен асты. Істемеген жұмысы жоқ. Кезінде Қазақ ұлттық университетінің сыртқы бөліміне оқуға түсті. Содан күндізгі бөлімге ауысып, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жұмысқа кіріп, полковник шеніне жетті. Жасы келіп, зейнетке шықты. Балалары өсіп, немере сүйді. Қазір Алматыда өмір сүріп жатыр. Өмірде өз-өзін қамшылап, жақсылыққа ұмтылып, үмітке сенім артып жетілді. Өзінің қажырлы қасиетінің арқасында өмірдің күрделі сынақтарынан сүрінбей өтті. Нағыз азамат!

Сол кезде біздің мекемеде Ашықбаев Болат Маратұлы да қызмет ететін. Жұмысқа аса ұқыпты, істегені ісі тастай. Тапсырманы мұқият орындайды. Қазақ десе өзімізге тиеді, Әкежан Қажыгелдин шетелге кетіп қалғаннан кейін біз істеп жүрген кеңседе сөз шықты. Мәнісін сұрасам: қоластымдағы қызметкерім Ашықбаевтің анасы – Әкежан Қажыгелдиннің әкесінің қарындасы екен. Яғни біздегі жұмыс істеп жүрген Ашықбаев – Қажыгелдинге жиен болып келеді. 

Өзім ол жігітпен талай жыл бірге қызмет еттім. Бұл азаматтың әуелі адамгершілік қасиетін айту керек. Кішіпейіл, адал, сөзіне берік кісі. Қазақшаны жасы ұлғайғанда үйренді. Жалғыз кінәсы – жас кезінде қазақ тіліне шорқақ болды. Орыс тілді қазақ еді. 

Әлгі Әкежан Қажыгелдин шетелге кетіп қалған уақыттарда осы жігітке генерал шенін беру мәселесі күн тәртібінде тұрды. Менің алдымда туысқандық қатынас себебін негізге алып, әлгі жігітті генерал шеніне өткізбей қойыпты.

Бұл мәселені шешу үшін Нұрсұлтан Әбішұлына бардым. Ол жігіттің жағдайынан хабардар еттім, шындықты жайып салдым. 

- Әкежанмен туыстығы бар екен. Ал еңбегі адал, Отанына шын берілген патриот. Түрлі операцияларды сәтті жасады. Сол үшін де оған генерал шенін беру керек, - деп ұсыныс жасадым. 

         - Кім кіммен туыс болмайды. Егер қызметі, адамгершілігі барлығы дұрыс болса, отанына адал болса – неге генералдық шен бермеске, - деді Президент. 

Сөйтіп Болат Ашықбаев генерал шенін алды. Өмір жолында оны тіпті ақтады да. Ешқандай артынан сөз ерген емес. 

Қайсенов Сұлтанбек әскери құрылысшы, жоғарғы білімді маман. Ол да барлық жағынан жоғарғы деңгейдегі қызметкер болатын. Қорғаныс саласында әскери құрылыс жағын бұл кісідей меңгерген маманды мен әлі күнге кездестірген жоқпын. Адами қасиеті жоғары, адал жігіт.  

Өмірхан Мұқанов деген досым, адами қасиеттері жоғары, жақынға да, алысқа да адал, қызметте аса ұқыпты, білімді.

Сләм Абсаметовпен ұзақ жылдар бірге қызметтес болдық. Еңбекқор, өте сенімді, жоғары деңгейдегі кәсіби маман, ғылым докторы, генерал-лейтенант.


Министр портфелі

Көп жылдар әскери қызметке жегіліп, ыстық-суықты бастан өткеріп, дамылсыз ат үстінен түспей көп шаруаның басында жүрген адамның денсаулығына қарауға мұршасы бола бермейді. Енді ойланып-толғанып артыма қарасам – саушылық та сыр бере бастаған секілді. Сонымен «Алатау» шипажайына келіп емделу шаралары басталды. 

Ел қатарлы ем ала бастағанымызға үшінші күн. Астанадан, «Нұр Отан» ХДП аппаратынан іздеп телефон шалды. Мән-жайымды түсіндіріп айттым: осылай да осылай, зейнетте, демалыста жүрген кісі арқабасын кеңге салып, жайлап басып жүреді... шипажайдамын... ем-дом алып жатырмын дедім. Партияның қызметкері: 

-Тездетіп Астанаға жетіңіз! – деді.

-Не шаруа шығып қалды, шырағым! – деймін.

- Партия басшылары тездетіп жетсін деп бұйрық берді. Өмірбаяныңыз, анкетаңыз, партбилетіңіз, өзге де құжаттарыңыз түгелдей толық болсын, Сәт Бесімбайұлы! 

- Ау, алып жатқан емімді тастап, асығып-аптығып Астанаға ұшып барғанымда мені не сыбаға күтеді? Түсіндіріп айтсаңшы, жарқыным. - деймін мән-жайды түбегейлі түсініп алғым келіп. 

Бұл сұрағыма алдағы келе жатқан Парламент Мәжілісінің сайлауы туралы мағұлмат берді. Халықтың демократиялық «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде келіп, қазіргі күйіп тұрған саяси науқанға қатысуыңыз қажет, сіздің қоғамдағы орныңыз бөлек дегенді сыпайылап қана жеткізді.

Өмірде құдайым ешкімге керек болмай қалудан, қоғамнан, ортаңнан шеттеп қалғаннан сақтасын деймін. Әрдайым қоғамға, халқыңа керек болып жүру үлкен бақыт! 

Сонымен, 2007 жылдың жазына қарай «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының тізімі бойынша, еліміздің жоғарғы билік  сатысы саналатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып бекідім. 2-3 ай өткен соң Жамбыл, Алматы облыстарын аралап, халықпен кездесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім. Күзге қарай өткен сайлауда «Нұр Отан» Халық демократиялық партиясының жеңісінің арқасында мен депутаттық мәртебеге де ие болып шыға келдім. 

Осы жүрген баршамыз уақытқа тәуелдіміз. 

Қайтып оралмайтын да уақыт, қайтарып ала алмайтын да уақыт. Әр уақыттың өзіндік зор оқиғасы бар. Минуттан сағат, сағаттан тәулік, тәуліктен апта, айлар, жылдар, ғасырлар құралады. Менің де уақытым өтіп, әр кезең сайын орын алатын оқиғаларым да жаңарып отырды. Тура уақыт сияқты. 

Ендігі жерде қорғаныс, қауіпсіздік саласындағы қызметім артта қалған шығар. Халық алдындағы міндетімді депутаттыққа ауыстырған сәтте әлі де біраз мәселені біле бермейтіндігімді сезіндім. Адам өмірден өлгенше үйреніп өтеді екен. Бәрін білдім, меңгердім деу кеудемсоқтарға тән қасиет деп білемін. 

«Бір білетінім – менің ештеңе білмейтіндігім», - деп әйгілі көне грек білгірі Сократ айтқандай, осында жүріп өзіме көп жаңалық аштым. Үйрендім. Жетіле түстім. 

Депутаттар – нағыз білімі толыққан, интелект, өмір тәжірисі мол адамдар болатын шығар деп ойлайтынмын. Өйткені олар талқылап бекітетін заң өміріміздің барлық саласын қамтиды ғой. 

Осы ұғымның рас екеніне көзім жетті. 

Депутаттар да пенде ғой. Жақындары, достары, ағайындары бар... Кейбір заң қабылданар кезде қызу таласқа түсіп жататын тұстары жиі кездеседі. Біразын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сынап, мінеп те жүрдім. Әйтсе де кейде сөреде жатып қалатын, өмірге, адам өміріне қызмет етпейтін өлі заңдар бірді-екілі өтіп жатады. Мұндайда өкінесің. 

Қазір халық арасында жүрген «депутаттардың лоббиы» туралы бір-екі сөз айтайын. 

Лобби деген сөз – ағылшын тілінен аударғанда «дәліз» дегенді білдіреді.  

Дәлізден өткізіп жіберу ғой. Кейбір заң жобасына қарап, шикілі-пісілі заң жобасы бола ма деген ой келеді. Бізде заң жобасы көп сынақтан өтеді. Заңды бүге-шігесіне дейін талдаймыз. 

Сол уақытта бірер топтың, я кәсіпкерлік жүйенің мүддесін күйттейтін келеңсіз жәйіт өте сирек те болса ұшырасып қалады.

АҚШ-та лоббизм  туралы заң бар. Бізде кейбір пара алатын іс – оларда қылмысқа жатпауы мүмкін. 

Лоббишылар бір мәселені  шешкені үшін пәлен пайыз сыйақы алады. Алған ақшасынан мемлекетке салық төлейді. АҚШ-та лоббилау – яғни белгілі топтың мүддесін қорғау туралы заңды қалыпқа келтіру үшін қаншама жыл өтті десеңші! 

Біздің менталитет басқа. Біздің  жағдайымыз әлгі айтқан деңгейге толық жете қойған жоқ. 

Өйткені бұл күрделі заң. Бір жағынан – заңның бұзылып кету қаупі туындаса, екінші жағынан – орындалу талаптары әлі күшті емес.

Бәрібір ерте ме, кеш пе біз ондай заңды қабылдаймыз. Осылай болады деп ойлаймын. Себебі уақыт талабы осыған әкеле жатыр.

Барлық іс-әрекетіміз халық алдында ашық болуы тиіс. Менің ойымша, қылмысты азайтудың бірден бір жолы да осы сияқты. 

Әйтпесе қиын мәселені шешіп жіберуге ынтызар кісілер жоқ дейсіз бе? Олардың алған ақшасы кімнің қалтасына түсіп жатыр? Олар ұсталғанға дейін – делдал, одан кейін – қылмыскер. Мұның несі жақсы.

Бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатал заң бар. Сыбайлас жемқорлық жасырын жерде пайда болады. 

«Көз қысу, бармақ басу», «әке, көке» деген сөздер, «мынаны өткізіп жіберсең, жолақыңды төлеп, бірнәрсеңді береміз», - дейді... Егер бәрі ашық болса – бәрі заңды түрде жүрер еді. Шетелдегі лоббишының әрекеттері заң шеңберінде реттеледі. Біздің елде де осы тәртіп орын алса – біршама әділеттілік орнар ма еді. 

Депутаттық қызмет туралы бір үзік сырды келтіре кетейін. 

Осыдан 5-6 жыл бұрын механикалық көлік жүргізушінің ерекше талоны болу керек деген мәселе қоғамда жиі сөз бола бастады. Нәтижесінде – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне  көлік  жүргізушілерге талон алуды жүктейтін 45-ші, 700-ші баптар енгізіліпті. 

Бірақ бірден дау шықпасын деп біраз жыл кідіре тұрыпты. Әлгілер 2007 жылы қаңтар айында Үкімет арқылы арнайы қаулы қабылдатқан. Сонан соң оны Ішкі істер министрлігі арқылы өткізіп, көлденең талон сатушылар ақша таба бастаған. Мұндай талонды ойлап шығарған кім? Бұл заң кімге қажет болды? Деген сұрақтарға жауап табылмады. Ешкім ештеңе айта алмайды... 

Сонымен мен әлгі айтқан Үкімет қаулысының күшін жойғызып, Әкімшілік Кодексіндегі әлгі бапты алып тастау үшін жұмысқа жұмыла кіріскен кезде бір таныс кісі арнайы ат басын тіреп келді. 

Ол маған: 

- Осыны қойсаң қайтеді? - деген әңгіме бастады. 

Мен әдейі індете сауал қойдым.

- Бұл істі қою  арзан дүние емес. Оның құны миллион емес, миллиард теңгеге баруы мүмкін, - дедім саспай. 

Сөзім соншама салмақты шықты білем. 

Ол кісі бірден:

- Проблема жоқ. Сөйлесеміз ғой, - деп жан-жағына қарады алақтап. 

Сол кезде ол маған миллиард төлемекші болды ма, жоқ па ол жағын түбегейлі білмеймін. Бірақ оған осылай айтқаным рас еді. Әлгі кісінің артындағы ақшалы топ тұрғаны сезілді. 

Содан кейін мен талонға тиым салу заңының халыққа қажет екендігін, заңды тоқтату оған да, маған да абырой әпермейтіндігін жайлап отырып түсіндірдім. 

- Жіберген адамға сәлем айт! Енді ондай мәселе көтермесін! Мен бастаған ісімді аяқсыз тастамаймын! – дедім турасына көшіп. 

Сөйтсе әлгі:

- Жай қалжың ғой, -  деп жуып-шая бастады. 

Бір талонның құны – 1200 теңге. Бірақ артынан анықтасам – құжаттарды рәсімдеуге деп, оның үстіне тағы 1-2 мың теңге қосады екен. 

Ал бізде 3 миллион 190 мыңдай көлік жүргізушісі бар. Яғни солардың бәрі талонды бастапқы бағасына алғанның өзінде де 31 миллион доллар қалтаға бірден түседі емес пе. Оған қоса талон алатын әрбір жүргізушінің арнайы есепшоты болуы керек. Сол есепшоттың әрқайсысында 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25 мың теңгеге дейін ақша жатуы тиіс. 

Енді есептеңіз... бұдан қанша қосымша ақша төгіледі?! Бұл қаржыны олар айналымға салмақшы. Ал одан жүргізуші байқұсқа бір тиын да бұйырмайды. Сонда мұның халыққа келтірер пайдасы кәні? Заң – халықтың қамы  үшін шығарылады. Халықтың тұрмысын аз да болса жеңілдету үшін, халықтың тұрмысын аз да болса жақсарту үшін заңдар шығарылып, түрлі бағыттарда жұмыс істеу алға қойылады. 

Айта берсе қызығы көп.

Бұл – бұл ма?

2007 жылдың 12 желтоқсанында құқық қорғау органдарының қызметін сынға алып, мәлімдеме жасадым. 

2008 жылдың желтоқсан айында әлгі талонға қатысты шағым айтып, бір топ депутаттарды көтеріп хат жазғанымыз тағы бар. Бұл хаттың мәтіні төмендегіше: 


Премьер-Министру

Республики Казахстан

 Масимову К.К.

Генеральному прокурору

Республики Казахстан

Тусупбекову Р.Т.


Уважаемый Карим Кажимканович!

Уважаемый Рашид Толеутаевич!

   Анализ ситуации в сфере обоспечения дорожной безопасности в Республике Казахстан свидетельствует о том, что в настоящее время обязательная норма о введении так называемых талонов к водительскому удостоверению (ТВУ), утвержденная постоновлением РК №6 от 9 январья 2007 года, провоцирует все более острый формат общественных дискуссий.

Позаявлениям руководства Министерства внутренних дел, данная мера была призвана обеспечить учет наложенных и исполненныхадминистративных взыскании за нарушение правил дорожного движения в целях принятия своевременных мер к злостным нарушителям ПДД, сузить сферу для коррупционных маневров представителей дорожной полиции, а также в целом способствовать  обеспечению безопасности участников дорожного движения. Однако уже первые шаги по реализации инициативы продемонстрировали ее несостоятельность и даже обратный от ожидаемого эффект.

Речь, прежде всего, идет о нарушении принятых на себя обязательств со стороны АО «Каzакһstап Рrосеssіng Сеntrе» (далее КПЦ), которое первоначально в рамках частного проека взялось бесплатно обеспечить ТВУ всех граждан-владельцев личного автотранспорта. Однако на начало августа текущего года на упомянутых условиях ТВУ получили лишь около 100 тысяч казахстанских водителей, после чего руководство КПЦ заявило о том, что в дальнейшем талоны будут реализовываться по цене 1200 тенге за одну  единицу. С учетом общего количества автоводителей в республике (3 миллиона 100 тысяч человек) подобное «нововведение» позволит компании заработать около 31 миллиона (!) долларов буквально на «воздухе». Ведь при всей якобы технической «продвинутости» ТВУ, их введение не устраняет прямого контакта нарушителей ПДД с инспекторами дорожного движения, а, следовательно, и возможности исчерпать дорожный инцидент посредством «штрафа в карман» без использования талона.

Таким образом, отсутствие логики в системе выдачи ТВУ ставит под сомнение стремление победить коррупционные тенденции в дорожной полиции и улучшить нынешнее состояние на дорогах.

Данное умозаключение подтверждается и «дополнительными функциями» ТВУ, который по уверениям разработчиков, будет обеспечивать право электронной подписи, платежную функцию и услуги страхового брокера. Однако эти функции нигде четко не прописаны. К тому же, по имеющейся информации, большинство банков второго уровня отказались привязывать талон как платежный инструмент к уже существующим счетам граждан. И, поскольку каждый водитель должен будет иметь на счету талона определенную сумму, достаточную для оплаты штрафа дорожной полиции за нарушение ПДД (по различным данным от пяти до двадцати МРП), можно предположить, какие многомиллиардные средства будут аккумулироваться КПЦ под благородным предлогом защиты прав участников дорожного движения.

В этом контексте интересен еще один момент. По данным Комитета дорожной полиции МВД, 80-85 процентов водителей республики являются законопослушными гражданами и не допускают нарушений ПДД годами. Следовательно, средства, находящиеся на счетах их ТВУ могут годами находиться в обороте банков принося дивиденды компании, но не законным владельцам! Возникает вопрос: неужели МВД для того, чтобы бороться с контингентом злостных нарушителей ПДД, которые составляют оставшиеся 15-20 процентов от общего числа водителейавто, пойдет на непопулярные меры,ущемляя права лояльного большинства? Пологаем в условиях обострения кризисных тенденций в экономике данный шаг способен спровоцировать резкое обострение социальной напряженности. 

Одна из главных причин созданного ажиотажа вокруг использования ТВУ  отсутствие предварительной проработки вопроса и четкой, обоснованной с правовой точки зрения схемы реализации со стороны МВД РК.

Между тем, как стало известно, второй участник проекта – КПЦ –недавно сменил свой юридический адрес, переехав из Астаны в Алматы, и в настоящее время прорабатывает вопрос о регистрации в свободной экономической зоне «Парк информационных технологий» с целью полного освобождения от налогов. 

Есть в этой ситуации и еще один щепетильный момент. Оформляя ТВУ в утвержденном порядке КПЦ, являясь частной компанией становиться владельцем обширной базы данных в отношении пятой части населения страны.

Это неправомерно и недопустимо, поскольку данной прерогативой обладает лишь Комитет правовой статистики и специальных учетов Генеральной прокуратуры РК.

Все это, по нашему мнению, дает основание Генеральной прокуратуре РК, в порядке общего надзора, принять ряд мер в отношении АО «КПЦ», в том числе выяснить круг лиц, являющихся акционерами этого АО и обнародовать их имена.

На основании высшеизложенного предлагаем отменить постановление Правительства РК №6 от 9 январья 2007 года, которым в ПДД введена норма, предусматривающая использования ТВУ. В последующем можно будет рассмотреть вопрос о внесении изменений в некоторые статьи административного кодекса РК.

О результатах принятых Вами мер просим сообщить в письменной форме, в установленные законом сроки. 

С уважением, депутаты Мажилиса Парламента РК:

Сат Токпакбаев

Тито Сыздыков

Амангельды Момышев

Сагынбек Турсынов

Николай Турецкий

Олег Дымов

Розакул Халмурадов

Людмила Хочиева


Хаттың мазмұны осылайша өрбіген еді. Үлкен шу болды. Көбі наразылық білдіріп жатты. Басшылары ренжіді де.

 Бірақ біздің депутаттық ұсынысымыз аяқсыз қалмады. Оған келген жауап хат төмендегіше сипат алды:



Уважаемые депутаты!

На Ваш депутатский запрос, соглашенный на пленарном заседании Мажилиса Парламента Республики Казахстан 18 декабря 2008 года, относительно введения талона к водительскому удостворению (далее - талон), сообщаю следующее. 

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 января 2007 года №6, предусматривающее внесение талона в перечень документов, которые обязан иметь при себе водитель механического транспортного средства, принято во исполнение статьей 45 и 700 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.

В связи с тем, что на изготовление талонов и создание информационной системы, необходимой для их использования, бюджетные средства не выделялись, все сопряженные с этим расходы по собственной инициативе взяло на себя акционерное общество «KazakhstanProcessingCentre»(далее - АО).

Министерством внутренних дел совместно с АО было организовано изготовление и бесплатная выдача талонов с базовыми функциями.

Однако в последующем АО, без согласования с Министерством внутренних дел, стало распространять талоны через свои представительства, страховые компании и акционерные общество «Казпочта» на платной основе, объясняя свои действия финансовыми затруднениями, вызванными экономическим кризисом. 

При таких обстоятельствах, несмотря на наличие правовых оснований для внедрения талонов, Министерство внутренних дел приостоновило процедуру их выдачи в связи с невыполнением АО своих обязательств.

В настоящее время Министерством внутренних дел и  Министерством юстиции по моему поручению начата работа по изменению действующего законодательства с целью исключения талона из перечня документов, которые обязан иметь при себе водитель механического транспортного средства. 

К.Масимов 


Бұған қоса осы жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты заңсыз түрде сатылып кетпекші болған кезде оған тосқауыл қоюды сұрап, Президенттің атына тағы хат жолдадым. 



Президенту

Республики Казахстан

г-ну Назарбаеву Н.А.

Обращение

Уважаемый Нурсултан Абишевич!

Во всем мире и в отечественной практике существуют особые требования к порядку размещения (расположению) специальных органов, отвечающих за безопасность страны.

В первую очередь это касается компактного расположения спецслужбы, чтобы минимизировать возможные риски, связанные с обеспечением собственной безопасности, включая вопросы информационной безопасности. 

В частности, БНД расположен в местечке Пуллах  под Мюнхеном, ЦРУ – в Лэнгли под Вашингтоном, СВР – в Ясеново под Московой. 

Кроме того, в случае расположения офиса спецслужбы в городе существуют требования к так называемой контролируемой зоне, т.е. все здания вокруг офиса должны располагаться на расстоянии не менее 50 метров. Так же офисы не должны располагаться возле мест массового скопления людей (рынков, торговых точек, развлекательных центров и т.д.), предъявляются определенные требования к определенным путям.

К примеру, центральный офис ФБР в Вашингтоне или ФСБ в Москве.

В преддверии майских праздников этого года ряд подразделений центрального аппарата Комитета национальной бесзопасности нашей страны отпраздновали новоселье в новом здании.

Год назад другие подразделения центрального аппарата КНБ были передислоцированы в здание «Дом министерств», где размещены государственные учреждения с иным уровнем ржима безопасности – факт не имеющий аналогов в мировой практике спецслужб. 

В свою очередь, в начале текущего года городской департамент из здания, расположенного по улице Желтоксан рядом с мемориальным комплексом «Превого Президента Республики Казахстан», в ускоренном проядке передислоцируется в новое здание, еще не приятое в эксплуатацию, расположенное по улице Пушкина, не далеко от торговых точек. При этом подъездные пути к зданию городского департамента не соответствует никаким требованиям.

В двух последних случаях затрачиваются значительные по объему бюджетные средства для создания соответствующей инфрастурктуры, так как здания превоначально не были предназначены для подразделений спецслужбы.

При этом высвобождаются помещения в зданиях КНБ, расположенных в районе пересечения улиц Желтоксан и Кенесары, и отвечающих требованиям собственной, в том числе информационной безопасности.

Как все это можно объяснить, профессиональной непригодностью руководителья КНБ или здесь кроется другая серьезная причина? Действительно, в действиях руководства Комитета по ускоренной передислокации подразделений центрального аппарата и городского департамента отсутсвует какая-либо здравая логика. Однако предпринимаемые шаги приобретают определенный смысл, если учесть, что речь идет о земельном участке, расположенном в центральной части правобережья столицы, и на котором одной крупной строительной компанией планировалось возвести жилой комплекс.

Полагаю, что спецслужба Казахстана, расположенная в этих новых зданиях, где отсутствуют соответствующие условия для должного уровня информационной безопасности, навряд ли сможет успешно выполнить свои функциональные обязанности по обеспечению безопасности страны.

С уважением, С.Токпакбаев


Бұл хаттан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісі мен басқа басшылары мені жақсы көре қойған жоқ. Керісінше, маған қарсы бағытта жазылған сын мақалалар қаптап кетті... Елден шағымдар көптеп келе бастады. Дегенмен, жазған хатымның нәтижесі оң болды. Елбасы өтінішімді назарына алды ғой деймін, кейінше бұл мекеме сатылып кетуден аман қалды. 

2009 жылдары жер-жердегі халықтан түскен арыздың саны 400-ден асатын. Мен оларды тиісті органдарға жөнелтіп жауаптарын алып жүрдім. 

Әртүрлі, жақсы, жаман мақалалар тапсырыспен жазыла береді. Заманның солақай жағы да бар екенін білеміз. Шындық солай. 

Зейнеткерлікте жүрген кезімде маған жала жапқан бір мақала жарқ ете түсті. 

Басылым басшылығына хабарласып мән-жайды білгім келген кезде олар болған істі жасырмады:

- Біз – жекеменшік газетпіз. Мақала үшін бізге 3 мың доллар берді. Егер 5 мың доллар берсеңіздер ана пәленің бәрін көкке ұшырамыз, - деген жауап алдым. 

Сөйтіп бұл іс жайына қалды. 

Дүниеде тәуелсіз журналист жоқ. Бәрінің басы байлаулы. Басылым басшылары қандай саясат жүргізсе, әлгі басылымның журналисті сол – байдың, бизнесменнің сойылын соғады. Бұл күнде басы бос, тәуелсіз журналист жоқ. Бәрін ақша мен билік  шешеді, жаппай дүние жүзінде осындай жағдай қалыптасқан. 

Депутат болған соң мемлекеттің жай-жапсарына жаның күйеді, ісі жүріп кетсін деп ойлайсың. Халықтың қамын жейсің. 

Жүйкеме тиетіні – халықтың қалтасынан жиналған бюджет қаржысына қолын салып, өз мүддесіне пайдаланып байығысы келген – сыбайлас жемқорлық мәселесі. 

Бұл – үлкен әңгіменің басы ғана. Президентіміз бас болып,  өзге депутаттар қоштап, көлеңкедей ілесіп қалмай келе жатқан кеселді мәселені түбегейлі жою үстінде күрес жүргізіп келеміз. 

Сыбайлас жемқорлықпен бір белгілі мекеме, немесе бірер депутат қана айналысып, сот ісінде қатаң жаза қолдану, тіпті ату жазасына беру – мәселенің бергі жағы ғана. 

Тек заңды қатаңдату арқылы сыбайлас жемқорлықты жеңе алмаймыз. Мәселе жеңіл-желпі шешіле қоймайды. 

Менің ойымша – үйде отырған ана, далада жүрген әке, ержеткен ұл мен қыз – бәріміз жабылып осы дертпен аянбай күресуіміз керек. 

Адамның ең қиын әрі ең жаман қасиеті – немқұрайдылық. Немқұрайлы адам қоғамға жаны ашымайды, маңайында не сұмдық жүріп жатса да – оған бәрібір. Сол немқұрайдылықтың, жаны ашымаудың кесірінен барлық қылмысқа жол беріледі. Немқұрайдылық болған жерде сыбайлас жемқорлық өрши түседі. 

Жалпы адам тағдыры ағаштың бұтағындай дейді. 

Ағаштың бір бұтағынан қаншама бұтақшалар өсіп шығады емес пе. Дәл осылай, адам тағдырында да бірнеше таңдау болады. Үлкен бір бұтақ – бұл сенің өмір жолың, ал ондағы бұтақшалар Алланың сенің пейіліңе орай берілген бұйрығы, несібесі, сенен өсіп өркен жайып шыққан ұрпақтарың секілді. Өз кәсібіңді өзің таңдайсың, өз болашағыңды өзің жасайсың, демек өз тағдырыңды өзің қалыпқа құйғандай құрастырып шығасың. 

Өмір осынысымен қызық, осындай жағдайымен тәтті деп ойлаймын. 

Өмір жолымызды барынша оң бағытта, жақсы жағынан, жұртқа үлгі болатындай етіп құруға талпынып тырысып бақтық. Сексеннің сеңгіріне шықтық. Осы өмірімде сүйікті Отаным үшін жаным садаға!,- деп қызмет жасағанымды халқым біледі деп ойлаймын.

(жалғасы бар)

Сәт Тоқпақбаев

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...