Абайдың аса тебіреністі өлеңдерінің бірінде: «Мен ішпеген у бар ма?!» делінген ғой. &laq...
Ұмтыл Зарыққан. Кафка
Қазіргі таңда қазақ оқырмандары мен зерттеушілері арасында дәстүршіл және жаңашыл қазақ поэзиясы тақырыптарына байланысты үлкен бір дискуссия жүріп жатқаны белгілі. Жаңашыл қазақ поэзиясы қандай болу керек? Дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы қай деңгейде? Әрине, бұл сұрақтарда әркімнің өз жауабы бар. "Мәдениет порталы" осы бір дускуссия аясында қазіргі қазақ поэзиясының хәл-ақуалын бағамдау және XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында дүниеге келген қазақ ақындарының "түсініксіз" һәм "түсінікті" өлеңдерін талдау, талқылау мақсатында «Папирус» айдарын ашып отыр. «Папирус» айдарында әр аптаның дүйсенбісі бір ғана ақынның өлеңдері жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған өлеңге жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады.
Бұған дейін "Мәдениет порталы" Тілек Ырысбектің "Қайран қытай кеспесі..." және Бекзат Смадиярдың "Бұл кезең - ұмыту кезеңі..." атты өлеңдер топтамасына жазылған талқылар мен талдауларды жариялады.
Құса Шығыстың алып қорғаны ішінде үйірін аңсап азынаған жылқының дауысын естіп пе ең? қып-қызыл тұман ішінде төгілген күлтелі жалы. Ол енді ғұмырлық арманын адақтап қыран құс қалықтап өте алмас қап-қара орманның түбінде қалды. Мен оның көсіле шапқанын түсімде көрем, Сарыөзен бойында сағымдай ойнап. Қорғандар үстінен құландай қарғитын онда кіл қарамойнақ. Көзінің жасы көкірегінде сақардай қайнап қара тұяғы қара жер бауырын тарпығаныменен енді оны алыс сапарлар күтпес. Қош енді, қайран азалы жануар маңдайға симас, тақымға бітпес. Үрей мен өксікке толы шатқалдан қиянға шаншылған дауыс, – обалың кімге?! Түп тамырынан қақ жүрегіне дейін қан толған көзбен күдірейіп қарайды ол бізге. Мәтін Кенет оның алдына қайдан жыртып алғаны белгісіз кім шимайлап тастағаны түсініксіз күңгірт мәтінге толы парақтар келіп қонды. Мұжылған парақтың ескірген бетінен өмірдің исі де өлімнің табы да мәңгіліктің ізі де шалынар емес. Ашу мен налаға булыққан ызалы қолы белгісіз парақты отқа лақтырды от оны қабылдамады. Ыза мен күйік кернеген кеудесі қақ айырып топыраққа тастады топырақ оны танымады су ағызбады уақыт есіркемеді. Қайдан жыртып алғаны белгісіз күңгірт мәтінге толы ескі парақтың келесі беті жауған қардай жап-жарық болып шықты. Қарулы қолдары қаһарын төккеніменен қақ айыруға қуаты жетпеді отқа тастауға дәрмені бармады. Күңгірт мәтін мен жарық парақтың тербелісінен енді су теріс ағатын сынды уақыт кері жанатын сынды. Кафка Алты бұрышты ғаламның алыс шетіндегі сол бір бейбақ жан және оның шүңірек көзі шүңірек көзде малтыған мен мен және менің асқақ отаным бәріміз қоңызбыз біртұтас пішінде. Қысқа қанаттарымыз алып аспанды қармап тұншығамыз сонша өз қабырғамызбен қалаған қуыс «Қамалдың» ішінде. Сол бір шүңірек көз уытты үрейлі һам қаһарға толы, менің ішімде де бар сондай түпсіз меңіреу үңгір,– шөлдегі шыңырауға құлаған сынған сәуленің деміндей жым-жылас ғұмыр. Мен сол шыңырау ұшындағы шүңірек көзден ұшып, түнектен қайтқан қанаты күйік құс сияқтымын. Салқыны соққан сан мың жылдар соқпағындағы адамзат ар-ұятының. Кафка – өртенген теңізге құлаған күн күн ішіндегі жойқын жарылыс жарылыс ішіндегі біз біз және біздің бейбақ отанымыз бәріміз қоңызбыз біртұтас пішінде және сондай асқақ кейіпте тіршілікті қайтадан бастасақ дейміз жым-жылас орманның түбінде... «Бөкен жарғақ» Байжігіттің «Бөкен жарғағын» тыңдаймын кейде өзімді жоғалтып алмауым үшін өзімді өзім ұмыт қалдырмау үшін пәниге. Қарашығымнан үгіліп алақанымнан уылжып тұратын сонда тұтас бір дүние. Ықылымнан келген осы бір күйде не құдірет барын білмеймін. Сақ заманынан қазып алған тас домбыра сияқты тұнжыраймын не жыламаймын не күлмеймін. Уақыттан да алыс Кеңістіктен де биік отырамын ылғи бір қияның астында үстіме бөкен жарғағын киіп. Сұлап жатамын сосын өзім жонған сырлы жебеден жон-арқам жібіп маңдайым иіп. Ол өзі де бір жаратылыстан тыс әуен сынды жеті саз бенен жеті ішекке де симайтын. Оңай ма өз болмысыңнан арылу әйтпесе не бар дейсің бұл тәркі дүние де қимайтын. Өзіңді өзің жоғалту үшін ұмыту үшін бір жола «Бөкен жарғақты» тыңдағын се де өз рухыңнан ұрлана.