Оралдағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын Асантемір Қаршығаұлының «ДАЛА...
Сұраған Рахметұлы. Сәуле мен Әуен
(идеограмматикалық үн...)
Жаңа ояндым, жапырақтар жанын неге
кеш ұқтым?
Үнсіз үміт шақырады, шуақ тұнған жырақта әр...
Қарақ – таңнан, жаратқаннан тағы бір үн,
тағылымын есіттім!
Тілсіз әлем, ымсыз, шыңсыз шырақ бар –
жұлдыз туған тірі өңірдің – түбегінде
бесіктің!?
Аян,ілім қайдағы бір, майда ғұмыр бұл – дақтар!?
сынған жарық – сызған көкті, сызған бетін –
Әуенің,
Баяғы кең – бейтаныс мұң, бейтаныс мың... қыр-бақ-тар,
жылдардағы жып – жылы мұз, құдды шырдай -
әуелі!
Есіңдегі ең керемет, ең аяулы ерек – елең ырғақтар,
жұлым –жұлым жердің бетін жыртқан,
шексіз жолдарың.
сәуле қонып,самаладан сан бояу-ме-е-н
тіл қатқан,
Соңғы гүлдей... дірілдейді сенің әлсіз қолдарың!
Қиын күндер миыңды арбап, ойлар сырғып
жұмбақтан,
Есің, жаның – ешкімде емес,тек өзіңнің долбарың,
жылдамдықтың ауанында айқайлатқан,
ымдатқан.
Тіл аунаған тармақтардан – тарайтын кіл есімдер,
білегіңде өзің таққан білезіктер, өзің баққан –
жүрегің,
кедергілер, кесапаттар кездессе де – кеңі,
кессе – кешім бер!
көз жасыңмен жібіген жер – «кірш» етерде
күрегің,
алдыңдағы құм сағаттар ғұмырыңдай...
не сүлдер?
Соған қарап, өртенердей түнерер ме,
түр өңің?
Не үшін жаның түңіледі, қайда лағып, неге кеттің
есілдер,
тұтас кейіпің кідіреді ықтасында,тұтқасында
есіктің.
Жансыз, жанды галактикалар – сансыз қисық
Аңғырлар,
жанарыңның шанағыңның аясына симаған,
Түн дегенің – түн емес тек – жауһар жауған жаңбырлар,
Таңғы сәлем, терең тартар сол қиялға иланам...
Құдыреті күшті жұмақ – бірақ та,
еш- сіз, ессіз тағдырлар,
төбеңдегі төңкерген Көк – соның жарты сызығы.
Аяғыңның астанда – ар, артың – тұман,
алдың – жар,
сағым – құстар ұшады алыс... жалғап мезет ызыңын.
Сұғынасың сол мезетке, кезектердің
жұғынысың –ізінің,
сағынарсың соның бәрін танығанда,қарығанда
жынды ызғар,
сені ешкім іздемейді – сен іздейсің түз үн-ін!?
Көз алдыңда андыз – елес, тағыда көп күндіз бар,
табаныңның астында тұр мөлдір көзді
жүзімің...
ағып түскен жұлдызбенен – сенің күрсінісің де,
Аяп, жылай берейін бе, ақтарылғанда
Ай жүзің?
Өрім – өрім өлеңдердің тұрсың – кірсіз ішінде,
Қаңғып келген қайран – уағыз жайсыз – жайсыз
Хайзы – ызың!!!
Қараңғыда қайта жауды, қап – қара нұр
қара – Күн,
сам аймалап, тарайды арай – қара шашын жайғызып...
Қара бұрым – гүлдің иісі кілкіп үрлеп,
кірпігіңде құрыған,
жай нілінде – найзағай дақ, жараласа бұлт ішін,
бір жағыңда жылқы – мүсін, құлқыныңда – тірі қан...
әбігерсің – шайнап, сорған айқыштан,
әрекетің өзіңде емес, сен – әрекет кілтісің!?
Нәрдің бәрі сенің бағың – келіп қонған,
қайта ұшқан,
Өз құныңды өзің төлеп, өзің жыртып, жыртысын,
Өркениет уысында – тынысыңмен ұрланғаның – есебі.
Ауысады қанша маусым, сонша уақыт,
неше Күз...
Кигіз үйдің түндігінен Ай сығалап, шалқып жанып
мың – мың шам,
Олар сенен күдер үзсін, үзсін мейлі, сәл тыңда да,
не – сен үз!
Іртік ойлар миыңа ойнар кірпігіңді шын жұмсаң!?
Іңіріңді түріп ұйықта – түндігіңнен түсім кірсін десеңіз!
Түс дегенің жан – әлемі, шала өлу – мәңгі
өмірдің жалғасы,
кешке батқан Күн өлімі – ертең туар жатырдан,
Өлең жазсаң – күбір келер үніңменен,
аяныңмен заңдасып,
қара шуақ – қайтқан ойлар түнегіне батырған!
Өлім болса – бар дүние күзгі желден – гүлдің
қалған иісі не?
Соңғы демің – ол, былайғы құдай жонған
домыраның ішегі,
кім үйретті саусақтарға, кім жағызды тербетуді
күйшіге!?
Ғұмыр мейлі, зырылдаған уақытың – бармағыңның
табында,
мейіріміңмен күмбірлейтін сағыныш пен ниетің.
Жылқы болып кісінеген – ол, тәңірің,
әмірі нән шағында,
Дәуір осы ескі күпің – қан тамырың, бабаң
зерлеп киетін!!!
Баба – ғұмыр кебінінде жатқан ділдер – тірі астар,
далаң, тауың маңдайыңнан сипап, еппен
сүйетін,
Қаныңменен, тәнің де еге тасқа айналған
расың.
Қайтқан бағың – өткен шағың, елес сіңген
ғасырдан,
биік кеткен, барлығынан жалғыз
санаң – ұласың,
Алғашқы үнің, соңғы күнің – алақанда жасырған.
2018.01.16