ТҰРСЫНЖАН ШАПАЙ. ШАЙТАНҒА КӨЗҚАРАС

ӘДЕБИЕТ
2910

Адамның өз игілігі үшін істеген ерліктерінің негізінде – құмарлық, нәпсі, парасаттың тәкаппарлығы, осылардан шығатын атаққұмарлық, пайда, мақтан жатыр. Абай мұның бәрін —«Шайтан ісі» дер еді.

Шайтан қай істе де — қозғаушы, түрткі. Шайтансыз адам — әрекетсіз, Фаустың жанында Мефистофель бекерге жүрген жоқ.

Адам — шайтан мен періштенің тылсым диалогы.

Адам жаны — шайтан мен періштенің мәңгі бітпейтін қиян-кескі шайқас алаңы.

Бойына өлшеусіз өнер, қисапсыз құмарлық сиған Тұлғаның — шайтаны да зор.

Кемеңгерге — қиын!

Алла жаратқан өлеңде мағынасыз ештеңе жоқ. Алла шайтанды да бір мәніспен жаратқан. Шайтан — абсолюттік Идея. Шайтансыз — періште де жұмыссыз. Адам өзін жетілдіру арқылы періштесінің көңілін көтереді, мерейін үстем қылады. Бірақ, шайтансыз — періштеде ешқандай мерей, яғни мағына жоқ. Құдай шайтанға да адамгершілікпен қарайды. Бұл — Мефистофельдің пікірі.

Фаустың жанында ол, шынында, бекер жүрген жоқ. Аңыздағы Паганини жанын Әзәзілге еріккеннен сатқан жоқ. Мефистофель — әмбебап шайтанның бір мағынасы. Тағы қандай мағыналары бар —

Алла өзі біледі.

Періштенің көңілі өскен сайын «мұңды шайтанда» тыным жоқ. Бір сат қарап отырмайды — кетігіңді оңай табады. Қай жағың әлсіз — шайтан сонда. Шайтан — талмас жігер, мұқалмас қажыр иесі. Тапқыр, ұшқыр, елезек, табанды... Бұл сипатты сайыпқыран сайтаннан иенде қайтіп-ақ айырыла қойсын?! Айырылмайды! Шайтан — керек. Осынша мықты, пысық, шайтан — сенің әлсіздігің. Әлсіз, қайратсыз — нәпсінің құлы. Пенде әлсіз болуға құштар. Неге?

Шайтан білсін!..

"Шын жүрек - бір жүрек" кітабынан алынды


Жалғасын оқып алыңыз 7. АБАЙДЫҢ ДОСЫ

author

Абай

КОМПОЗИТОР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...