1Әсем шыбық өссін дейміз желкілдеп,Сұлулықты сақтау үшін жүдетпей.Раушанның солған бірін соңғысыЖаса...
«Жетісу көктемі» республикалық әдеби байқауы өтеді
«Жетісу көктемі» республикалық әдеби байқауының ережесі
«Жетісу көктемі» прозашылардың республикалық байқауы биыл алғаш рет өтеді. Байқау әр жылда әр түрлі мерейтойлар мен айтулы оқиғаларға арналып, прозаның әр саласы бойынша өткізіледі. Ұйымдастырушы – Janr Жетісу әдеби клубы, демеуші – Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Биылғы байқау Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына, Сәкен Иманасовтың 85 жылдығына, Шәкен Күмісбайұлының 80 жылдығына, Қайрат Әлімбековтың 60 жылдығына арналып отыр. Байқау прозаның повесть жанры бойынша өтеді.
Осы ЕРЕЖЕНІ Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Janr Жетісу әдеби клубы бірлесе отырып, жүзеге асырады.
Әдеби байқаудың құрылтайшысы:
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;
Janr Жетісу әдеби клубы.
Әдеби байқаудың ұйымдастырушысы:
Janr Жетісу әдеби клубы;
– Жетісу облыстық халық шығармашылық орталығы;
С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық әмбебап кітапханасы.
Қазылар алқасы:
Janr Жетісу әдеби клубы жасақтайды.
Әдеби байқаудың мақсаты мен міндеті:
Мақсаты – қазіргі әдеби үдеріске серпін беру. Жас прозашыларды қанаттандыру. Қазақ әдебиетіндегі жақсы шығармалар қатарын толықтыру. Ел мәдениетіне, казақ әдебиетіне үлес қосып жүрген танымал тұлғаларымыздың шығармаларын жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу.
Әдеби байқаудың шарттары:
Республикалық әдеби байқау бір номинация (повесть жанры) бойынша өтеді.
Байқауға 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.
Бұрын жарияланған шығармалар қатыстырылмайды.
Байқау еркін тақырыпта өтеді. Бірақ әдепсіз сөздері бар, тәрбиелік құндылығы төмен, басқа бір адамның, ұлттың ар-ожданына нұқсан келтіретін шығармалар жіберілмейді.
Шығарманың көлемі – 40 беттен кем болмауы тиіс, (А4 нұсқасында, 14 шрифт, Times New Roman шрифі) 100 беттен аспауы шарт.
Бір автор бір шығарма ғана ұсынуға құқылы.
Автор бәйгіге қосқан шығармасымен бірге өзі туралы толық мәлімет береді. Сонымен бірге шығармасының баспасөзде жариялануына, кітап болып шығуына келіседі.
Қазылар алқасы шығарманың көркемдігіне баса мән береді. Байқауға тек қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады.
Шығармалар https://adebiportal.kz сайтында автордың есімі көрсетілмей жарияланады.
Байқауда барлығы үш жүлде тігіледі.
1-орын. 800 000 тг;
2-орын. 600 000 тг;
3-орын. 400 000 тг.
Сонымен бірге Кемел Тоқаев, Сәкен Иманасов, Шәкен Күмісбайұлы, Қайрат Әлімбеков атындағы арнайы сыйлықтар бар.
Байқаудың өткізілу мерзімі:
Байқау наурыз-мамыр айларының аралығында өтеді. 1-наурыз бен 30-сәуір аралығы өтініштерді қабылдау кезеңі, 1-мамыр мен 20-мамыр аралығы жүлдегерлерді анықтау кезеңі. Ал мамыр айының соңына қарай жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Талдықорған қаласында өтеді.
Талдықорғанға келетін қонақтар мен қатысушылар жол шығыны мен жатын орнын өздері көтереді.
Шығармалар jetisy.koktemi@mail.ru эл-поштасы арқылы қабылданады.
Ұйымдастырушы:
Janr Жетісу әдеби клубы;
Жетісу облыстық халық шығармашылық орталығы;
С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық әмбебап кітапханасы.
e-mail: jetisy.koktemi@mail.ru
+7 775 854 2857