«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері су тасқынынан зардап шеккен өңірле...
2025 жылғы ораза кестесі: Көкшетау қаласы
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 1 наурызға тура келеді, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
2025 жылдың Рамазан айына арналған Көкшетау қаласының намаз, ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттарын қамтитын ораза кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 1 наурыз оразаның алғашқы күні болса, 29 наурыз – соңғы күні. 30 наурызда ораза айты мерекесі басталады. Наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні – Қадір түні.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы Қазақстан бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Сәресіде айтылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».