Несие төлеуге барған тұрғын өзінің «қайтыс» болғанын білген

Видеодан алынған скрин

Аймақтар
499

Несиесін өтемек болған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны өзінің «өлілер» санатында екенін анықтады, деп хабарлады madeniportal.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Жаңақала ауылы тұрғынының оқиғасын баяндайтын бейнежазба жергілікті блогердің парақшасында жарияланды.

Әйелдің сөзінше, ол ай сайынғы несиесін өтеп жүрген, бірақ кейіннен ақша оған қайтып келген.

«Мен бұл ақшаны қайтадан аударып жібердім, бірақ қаражат шотымнан алынбады. Операторларға жүгіндім, олар маған «сіз 4 шілде күні Астанадағы ауруханада қайтыс болдыңыз деп шығып тұр" деді. Маған АХАЖ-ға, салық басқармасына, ХҚКО-ға бару керектігі айтылды. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмын. Жалақы алдым, «Каспи» шоттары ашық, ауруханаға дәрі-дәрмек алу үшін бардым, олардың базасында да қайтыс болғаным туралы шығып тұр. Алайда ол жердің қызметкерлері маған көмекке келіп, маған дәрі жазып берді, себебі мен қан қысымы бойынша есепте тұрмын. Жақында зейнеткерлікке шығамын, жинақтармен не істейтінімді, несие не болатынын, өсімпұл салынбай ма деп алаңдаймын», - деді БҚО тұрғыны.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ осы жағдайға қатысты түсінік берді.

«4 шілде күні Астананың медициналық мекемесінде бір әйел көз жұмды. Медициналық ұйымның қызметкерлері деректерді базаға енгізген кезде ЖСН-ның бір санында қателесіп кеткен. Базаға БҚО тұрғынының деректері жазылды. Тиісті медициналық ұйым базадағы деректерді түзетуі тиіс», - деді ХҚКО.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...