Осы айдан бастап бірқатар жол жүру ережелеріне өзгеріс енгізіледі

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2303

Енді жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбей, кедергі келтіргендерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Madeniportal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ жүріп келе жатқан көлікте басын шығарғандарға да 40 мың теңгеге дейін айыппұл хаттамасы толтырылады.

Дегенмен заңда жұмсартылған тұстар да бар. Мәселен, жол-көлік апатында кінәлі жүргізуші, ешкімнің өліміне себепкер болмаса, бұған дейін жүргізуші куәлігінен жарты жылға дейін айырылатын болса, енді 80 мың теңге айыппұл төлеп, жазадан құтыла алады.