Батыс Қазақстандағы көлдердің бірінде балық қырылды

Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

Аймақтар
379

Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі Қызылжар елді мекені маңында Жезбұға көлінде балықтың қырылғаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлады madeniportal.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, Жезбұға көлінің жағасында балық қырылып қалған. Осы көлден ауыл адамдары балық аулайды, суға түсіп, мал суарады. Сондықтан оның қауіпсіз болғаны керек.

Шағатай ауылдық округінің әкімі Рүстем Мүтиевтің айтуынша, Жезбұға көліне 1994 жылдан бері су келмеп еді. Биыл су мол келіп, жақсы болып қалды.

«Бұған дейін біздің ауыл маңында Кіші Бобровый көлінде де осындай жағдай болып, шабақтар өлді. Енді Жезбұға көлінде шабақтар қырылғанын тұрғындар хабардар етті. Негізінен мөңке шабақтары, шортанның шорағайлары өлген. Мұның себебі, судың астында балдыр көп, содан тұншығып қалған секілді. Үлкен Бобровый көлінде де балық өлген деп естідім. Қазіргі кезде мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», - деді Р.Мүтиев.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев судың құрамын тексеруге мамандардың жіберілетінін жеткізді.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың мәлім еткеніндей, Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері өлген балықтарды жинап алған.

«Балық инспекциясының ихтиологтары патологиялық материалды алып, зерттейді. Содан кейін балықтың неден өлгені анықталады», - деді Н.Рахымжанов.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...