Оралда "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" үш адамға іздеу жарияланды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2366

WhatsApp мессенджерінде Оралдағы Абай полиция бөлімінің ақпараты тарап жатыр. Онда үш ер адам "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" іздестіріліп жатқаны жазылған, - деп хабарлайды madeniportal.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, олардың қандай қылмысы үшін іздестіріліп жатқаны белгісіз. Бұл ақпаратпен қатар Оралда адам өлтірілгені және соған қатысты осы адамдар іздестіріліп жатқаны айтылған аудио хабарлама да тарап жатыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, "2 ақпанда сағат 08:10-да Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды".

Алайда ведомство бұл қылмыстың таратылған іздеу ақпаратына қатысы бар-жоғын нақтыламай отыр.

"Абай полиция басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қылмысты ашуға және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес, жарияланбайды, - деді полиция.


АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде со...

PESTEL

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 7 наурызда Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жаса...