Солтүстікке қоныс аударушыларды баспанамен қамту – басты мәселе

Жаңалықтар
654


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен халық саны аз солтүстік өңірлерге ел тығыз орналасқан оңтүстік өңірлердің халқын тарту арқылы, экономиканы дамыту жолдары үлкен қарқынмен жүріп жатқаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оңтүстіктегі «өз үйі – өлең төсегін» тастап, жаңа жұмыс пен жаңа мекен іздеп, солтүстікке кетіп жатқан халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі туындайтыны айтпаса да түсінікті. 



Сондықтан Үкімет осы баспана мәселесін шешуді бірінші орынға қойып отырғанын халыққа түсіндіру жұмыстары арқылы айтып келеді. 


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатовтың айуынша, оңтүстік аймақтардан солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың баспана мәселесі бірінші орынға қойылып отыр.

«Биылғы есеп бойынша оңтүстік өңірлерден 1,5 мың отбасы солтүстік облыстарға қоныс аударған екен. Сондықтан біз осы бағдарламада қоныс аударушылапрды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа әдістерін қарастырып жатырмыз. Біріншіден, солтүстікке қоныс аударған адамдардың ең алдымен үй мәселесін шешуді көздедік. Баспана мәселесі шешілмесе, әрине, қоныс аударушылардың қызығушылығын тудыру қиынға түсері анық. Сол үшін келесі жылдан бастап әр отбасыға жеке үй салынады деп жоспарланып отыр. Бағдарлама бойынша қоныс аударушы сол үйде бес жыл тұрса, сол үйді өз атына аударып ала алады. Яғни, кейін ай сайын біздің есеп бойынша 20-25 мың теңге төлеп тұрса, қарыздарын төлеп болғаннан кейін үй толығымен сол кісілердің атына аударылады», - деді Жеңісбек Дулатов.


Бұған дейін де Үкімет отырыстарында ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жуық арада елдің оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарына қоныс аударушыларға тұрғын үй салу және сатып алу механизмі іске қосылатынын жария еткен болатын.  


Министрдің айтуынша, бұл жоспарды орындау үшін 2019-2021 жылдары бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінбек. Осылайша, алдағы екі жылда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған 3 мың адам баспанамен қамтылмақ. 


З. Самалбекұлы


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...