ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғ...
Ұлытау облысы бойынша жол жөндеу жұмыстары басталды
Биыл Ұлытау облысы республикалық маңызы бар жолдарының 45 000 шаршы метріне жөндеу жұмыстары жалғасады. Бұл жайында облыс әкімдігінде Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары мен облысқа қарасты қала, аудандардың әкімдері қатысты. Жиында Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарын жөндеу бойынша басталған жұмыстар баяндалды.
Бүгінгі күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан республикалық маңызы бар «Жезқазған-Қарағанды» 748–756 шқ бағытындағы автомобиль жолында жөндеу жұмыстары басталды.
Одан басқа, биыл республикалық маңызы бар «Ұлытау-Арқалық» 143-163 шқ бағытындағы автомобиль жолына қайта қаптау әдісімен асфальт жабынын төсеу және 154 шқ-дағы құбырды ауыстыру көзделген.
Облыстық маңызы бар «Қаражал-Жаңаарқа» 0-28 шқ автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, жоба 2020 жылдан бастап іске асырылуда.
«Қарағанды-Самарқа-Жаңаарқа-Айнабұлақ» 166-174 шқ жолын орташа жөндеу жұмыстары, қайта қаптау әдісімен қалыңдығы 7 см ұсақ түйіршікті асфальт жабынын төсеу және жол жиектерін нығайту жұмыстарын, жұмыс кестесіне сәйкес уақыты мамыр айының 1 нен бастап қыркүйектің 30-на дейін.
Биыл «Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтбаев» 40-48 шқ жолын орташа жөндеу жұмыстары, қайта қаптау әдісімен қалыңдығы 7 см суық асфальтбетон қоспасынан жасалған асфальт жабынын төсеу және жол жиектерін нығайту жұмыстарын, жұмыс кестесіне сәйкес мамыр айының 5 нен бастап қыркүйектің 30 дейін аяқтау жоспарда.
Осы жылы «Қаражал-Шалғия» 78-81 шқ (3 шқ) жолын орташа жөндеу жұмыстарына 251 млн. теңге суммасына, қайта қаптау әдісімен, қалыңдығы 6 см ірі және 5 см ұсақ түйіршікті асфальт жабынын төсеу және жол жиектерін нығайту жұмыстарын, жұмыс кестесіне сәйкес мамыр айының 4 нен бастап қыркүйектің 30-ы аяқталмақ.