Ер адамның жетімге жасаған сұмдығы жазасыз қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2149

Балалар үйінің тәрбиеленушісін ұрып-соққан көлік жүргізушісі жазасыз қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар үйінің көлік жүргізушісі 15 жастағы жеткіншекті ұрып-соққан. Алайда оның үстінен қозғалған қылмыстық істі полиция тоқтатып тастаған.

Құқық қорғау органы ересек адамның баланы ұрғанын растаған, бірақ жасөспірім арыз беруден бас тартыпты. Шағым болмаған соң іс жабылған.

Балаға озбырлық танытқан ер адамның өзі кінәсін мойындамаған. Айтуынша, ол баламен ойнапты, ал басқалар бұл жағдайды теріс түсініпті. Сондай-ақ баланың оны «Гитлер», «фашист» деп атап шамына тигенін айтқан. Жасөспірім оның сөзін растаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...