Клинингтік компанияға айыппұл салынды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Айна
883

Жолаушылар тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген, деп жазады madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

"Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және т.б. бағытында жүретін "Жолаушылар тасымалы" АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті. Заңбұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар", - делінген хабарламада.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралады.

"Сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Оған қоса, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралатын болады".

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бес жасар бала жеке клиникада жасалған сүндеттеу рәсімінен кейін тіндердің некрозымен аурух...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. 4 сәуір кү...