Петропавлда тұрғындар көктемде су басқан аумақтың қазір қоқыс алаңына айналғанына наразы. Айтуларынш...
Төлен Тілеубайдың еңбегі еленді
Фотосурет ұсынылды
Елордада өңірлердегі БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты жарасқан жиын өтті. Іс-шарада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріннің кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегі сіңген жорналшы қауымды марапаттады. Солардың қатарында журналист ТөленТілеубай да Президент сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
«Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлтбаспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.
Қоғам сараптамалық бағыттағы, шынайы және жан-жақты зерттелген мақалаларды оқығысы келеді. Мұндай ақпаратты тек кәсіби және өз ісіне жауапты тілші ғана бере алады, ол үшін фактілер мен объективтілік бәрінен бұрын және сөздің қандай құдіреті бар екенін түсінеді. Бұл БАҚ-тың ерекше миссиясы. Тілшілердің мақалалары мен сюжеттері қоғамда елдің дамуына ықпал ететін дұрыс құндылықтарды насихаттайды. Журналисттің әр жазбасы – халықтың дауысы, әділеттің ақ бостауы болуы шарт. Қай заманда да журналист қауымы билік пен халықтың арасына алтын көпір болып, шаш ілмес түйінді, тарқатылмас шырмауықтай шырмалған мәселелердің оңынан ойдағыдай шешілуіне орасан зор еңбек сіңіреді. Шын журналист адамдар арасын араздастыруға емес, мәселенің байыбына барып жақындастыруға жол салуы керек. Өз ісіне иттей адал шын жорналшы ағартушының қызметін орындайды. Бір -ақ сөзбен айтқанда журналист – ұлт ағартушысы деңгейіне жету керек! Тәуелсіздік жылдарында ұлт журналистикасы біршама дамыды. Әсіресе интернет журналистикасы жаңа деңгейге көтерілді десек қателеспейміз.
Мемлекет басшысы жиырмасыншы өткен ғасырдың қазақ зиялылары баспасөзге түгел атсалысқанын, бұл салаға ағартушылық сипат бергенін атап өтіп, аға буынның осы сара жолын лайықты жалғастыру қажет екеніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолынан марапаталған журналистердің қатарында «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы ТөленТілеубай да бар. Белгілі публицист, елге сыйлы журналист Төлен жазу арманның жүрегі болу керек деп есептейді.
«Қай заманда да журналист – қоғамның, халықтың жүрек дүрсілін тыңдай алатын ерекше мамандық иесі. Өткен ғасырда ғұмыр кешкен Алаш қайраткерлері де халықтың жүрек қағысына, зар-мұңына құлақ түріп, қазақтың бақыты үшін қарабасын қатерге тігіп, аянбай күресті. Біз қазір медиа өзгерді десек те, журналистің ұлттық мұраты, қызмет ету миссиясы, ұлттық мінезі өзгермейді», – деп есептейді Төлен Тілеубай.
Жасыратыны жоқ, журналист мамандығы көпқырлы және күрделі. Ол үлкен жауапкершілікті және батылдықты талап етеді. Сіздер де бізбен келісерсіз... «Журналист қоғамға қандай пайда әкеледі?» деген сұрақ туындаса, көптеген адамдар "журналист адамдарға маңызды ақпарат береді" деп жауап береді. Ал мұның қарапайым адамдарға қандай пайдасы бар? Сонымен, журналист азаматтардың әлеуметтік маңызды мәселелердегі өз ұстанымдарын анықтауы үшін қажетті ақпаратты ұсынады. Бұл психологиялық тұрғыдан тұлғаның қалыптасуына қатты әсер етеді: ол сөйлеу мазмұнын едәуір кеңейтеді, қарым-қатынас құралдарының кең таңдауын ашады.
Төлен Тілеубайдың ойынша, журналистің блогерден басты артықшылығы, журналист – мәдениеттің, ұлттың жеткізушісі, насихаттаушысы. Мысалы, газет-журналдар – өркениеттің өнімі десек, журналистер сол өнімді шығаратын адамдар. Кәсіби журналист ақпарат іздеудің, жинаудың, тексерудің, өңдеудің және таратудың стандарттарын біледі, оның кәсіби тұрғыдан машығы бар. Меніңше, ең басты артықшылығы – ол кәсібилігі мен адалдығы.
Республикалық басылымда еңбек етіп жүрген әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші, ақпарат саласының үздігі Төлен Тілеубай бір емес, бірнеше мәрте көптеген халықаралық, республикалық шығармашылық байқаулардың лауреаты атанған болатын. Биыл журналистік қызметінің 25 жылдығын, өзінің 50 жылдығын атап өткен қаламгерге аталмыш марапаттың тамаша сыйлық болғаны сөзсіз.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген екен дана халқымыз. Рас, бірінші қадамды жасаудан гөрі "мен жетістікке жете алмаймын" дегенге сену оңайырақ, әрине. Біздің көпшілігіміз сәтсіздіктен қорқамыз. Адал еңбек еткен адам әрқашан биік шыңнан көрінеді, ерте ме, кеш пе, еңбегі еленеді. Тек соған сену керек! Әрине, журналист атақ, даңқ үшін жұмыс істемейді. Десек те еңбек еленсе, шабыт та шалқиды, Солай емес пе... Шабыт пен мотивация кез-келген кәсіпте, тіпті шығармашылықпен байланысты емес кәсіптерде де қажет. Ал журналист үшін шабыт жұмыстың ажырамас бөлігі. Жұмысқа креативті көзқарас өте маңызды, өйткені журналист құрғақ фактілер туралы айтып қана қоймай, оларды аудиторияға жағатын қызықты және маңызды материалға айналдыруы керек.
Бүгінде көптеген түрлі мамандықтар бар. Олардың әртүрлілігі әр адамға тамаша мүмкіндіктер әлемін ашады. Дейл Карнеги "адамдар өздеріне ұнамайтын нәрселермен айналысса, сирек жетістікке жетеді" деген екен. Төлен Тілеубай сияқты кәсібіне адал кісі ғана өзін бақытты сезінеді, өйткені өз ісіне деген сүйіспеншіліксіз еңбек ету, қандай да бір жетістікке жету қиын екені сөзсіз. Егер сіз өз жұмысыңызға бар ынтаңызбен берілсеңіз, оң нәтиже мен пайда көрсеңіз, сіз өз мамандығыңызды таңдадыңыз, дұрыс шешім қабылдадыңыз деген сөз.
«Көпшілігіңіз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауыңыз. Нағыз журналистер әсіре әуестіктен, бос сөзден және әлеуметтік желіде өзіне-өзі масаттанудан алыс болады. Олар әрдайым оқиғаның ортасында жүреді. Халықты алаңдататын өзекті мәселелерді көтеріп, мазмұнды материалдар әзірлейді. Дәл осындай белсенді, әрі пайдалы іс атқаратын тілшілер қауымы отандық журналистиканың бет-бейнесі саналады. Олар еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы тілге тиек еткендей, отандық медианың бет-бейнесі болып саналатын белді журналистердің сапына сөз етіп отырған кейіпкерімізді ойланбай жатқызуға болады.
Кезінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік пен егемендікке ие болуы бұқаралық ақпарат саласында түбегейлі өзгерістер енгізуге түрткі болды. Экономиканы нарықтық реформалау, саяси жүйе мен қоғамдық қатынастарды демократияландыру, азаматтық қоғамның қалыптасу процестері еркін ақпарат алмасуға, республика өмірінің барлық салаларындағы істер мен оқиғалар туралы жедел және көпқырлы ақпарат алуға жаңа қажеттіліктерді қалыптастырады. Бүгінде ақпараттық саясаттың өзіндік заңнамалық, саяси және әлеуметтік базасы бар екенін айта кету керек.
Жалпы медиа нарықта ақпараттық саясаттың дамуын бірнеше шартты кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең – посткеңестік, бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік монополияның артықшылығы, тәуелсіз БАҚ іс жүзінде болмаған кезде. Екінші кезең – қалыптасу және өсу кезеңі, үшінші кезеңді либералды десек болады, бұқаралық ақпарат құралдары нарығындағы сапалық және сандық өзгерістермен, бұрынғы мемлекеттік БАҚ-тарды, полиграфиялық кәсіпорындарды жаппай жекешелендірумен, бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қаржыландырудан және субсидиялаудан мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысқа көшумен сипатталады. Ал кейін мемлекеттің БАҚ-ты экономикалық қолдауы өз рөлін атқарды. Отандық медиа нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылданды.
Бірі білсе, бірі білмес, Төлен Тілеубай Мемлекет басшысының осындай шешім қабылдауына себеп болған, оның терең сараптамалық мақалалары. Мысалы, ол еліміздегі құлдық мәселесін сонау 1999 жылдан бастап көтерді, көптеген сараптамалық өткір мақалалар жазды. Нәтижесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда адам саудасымен күресу үшін арнайы заң қабылданады» деп мәлімдеді. Ал биыл 22 наурызда Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады.
Ұлыстың Ұлы күнін жаңаша тойлау, жас ұрпақтың санасына сіңіру тақырыбын да үздіксіз баспасөзде көтеріп, мәселені оң шешудің нақты жолдарын көрсетті. Төлен Тілеубайдың елордалық басылымда жарық көрген өткір сұхбаты биліктің назарына бірден ілікті. Өзекті мәселелерді көтерген тілшіміздің жарияланған мақалалары қоғамда қызу талқыланды. Мұның өзі журналистің өз мамандығына адалдығын, ұлттық мүддені бірінші орынға қоя білетін отаншылдығын көрсетеді. Өз кәсібіне адалдықпен қарап, ұлтының бүгіні мен ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген әріптесімізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!
Жанар АХМЕТОВА