Қарағандыда үш автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
612

Қарағандыда үш автокөлік соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат 5 сәуірге қараған түні «Голубые пруды» шағынауданында болған. Cobalt, BMW және Priora маркалы автокөліктер соқтығысқан.

ЖКО салдарынан бес адам зардап шекті. Зардап шеккендер шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдық таңдауға, арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға тағы да шақырды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аша Матай соңғы жағдайларға  қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

9 маусымда Щучинск қаласында болған қайғылы оқиға қоғамның назарын аударды. Екі баланың анасы Әсем Ш...