Семейде әйел адам өртте қаза тапқан балалар туралы жалған ақпарат таратқан

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
222

Семейде әйел балалар орталығындағы өрт құрбандары туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл ақпаратпен Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бөлісті.

Өрт 2026 жылғы 3 наурызда Balapark ойын-сауық орталығында болған. Сол кезде жағдайдың күрделілігіне қарамастан, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ. Алайда қала тұрғындарының бірі Instagram желісінде 18 адам қаза тапты деген жалған ақпарат жариялаған. Бұл жазба қала тұрғындары арасында тез арада алаңдаушылық туғызды.

«Әйелдің жеке басы жедел анықталып, кейін әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады Абай облысының прокуратурасы.
Мұндай хабарламалар қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелуі мүмкін екені атап өтілді.

Сотта әйел өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде 2026 жылғы 18 наурыздағы қаулымен ол жалған ақпарат таратқаны үшін 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

PESTEL

Иранда атып түсірілген F-15 әскери ұшағының ұшқышы құтқарылды деп мәлімдеді Трамп, деп хабарлайды&nb...

PESTEL

Иран билігі Дональд Трамптың АҚШ-тың екі күннен кейін аяқталатын ультиматумы туралы ескертуін үзілді...