Архангельск облысындағы Котлас қаласындағы пәтерлердің бірінде екі кәмелетке толмаған бала ваннада өлі күйде табылған, деп хабарлады madeniportal.kz РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.
«Таңертеңгі уақытта өз үйінде ванна бөлмесінде үш жасар қыз бен 1,5 жасар ұлдың денелері табылды. Кәмелетке толмаған балалар анасы мен әкесінің тәрбиесінде болған», – деп айтылған хабарламада.
Сондай-ақ, балалар тәрбиеленген отбасының тұрмысы қиын болғаны және профилактикалық шараларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелерде есепте тұрғаны көрсетілген.
Прокуратура балалардың өліміне қатысты ата-аналармен профилактикалық жұмыстардың қаншалықты тиімді жүргізілгенін тексереді.
Кейінірек аймақтық СК РФ баспасөз қызметі балалардың 29 жастағы анасы ұсталғанын хабарлады. Ол қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінген.
Әйелге «Екі кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Котлас соты әйелді екі айға қамауға алу туралы шешім қабылданды. Ол өз кінәсін мойындады.